Кинопарк билеттерді интернет арқылы сата бастады

Кинопарк билеттерді интернет арқылы сата бастады
Фото: yvimg.kz

Kinopark кинотеатрлар желісі билеттерді интернет арқылы сата бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі компанияның ресми сайтына сілтеме жасап. Әзірге билеттерді Алматы қаласындағы Kinopark 11 IMAX-қа ғана интернетпен сатып алуға болады.

Компания қызметкері Ерлан Бұхарбаев Фэйсбуктегі парақшасында онлайн түрде билет сатып алу қызметі екі аптаның ішінде басқа да кинотеатрларда да ашылатынын айтты. "Достар, жақсы жаңалығым бар. Билеттерді интернет арқылы сату қызметін ақыры қостық. Әзірге тек Kinopark 11 Esentai-да ғана бар. Екі аптаның ішінде басқаларына да қосамыз. Біздің бір артықшылығым бар. Ешқандай комиссия алмаймыз", - деп жазды ол.

Айта кетелік, Кинопарк кинотеатрлар желісі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді.

М. Бисембаева