Терминатордың ұлы - кино әлемінде

Терминатордың ұлы - кино әлемінде
Фото: i.idnes.cz

Әлем жұлдызы Арнольд Шварценеггердің 21 жастағы ұлы Патрик кино әлеміндегі ең алғашқы ролін сомдамақ. Жапон режиссері Норихидо Коизумидің "Түн ортасындағы күн" (түпнұсқасы "Midnight Sun", орысшасы: "Полночное солнце") (2006) атты романтикалық мелодрамасында өз бағын сынап көреді.

Патрик осыған дейін екі-үш эпизодтық ролде ойнаған болатын. Бірі - "Запастағы ойыншылар" (түпнұсқасы "The Benchwarmers", орысшасы: "Запасные игроки") фильмі, бірі "Махаббаттағы тығырық" (түпнұсқасы: "Stuck in Love", орысшасы: "Застрял в любви") және "Сыныптастар 2" (түпнұсқасы: "Grown Ups 2", орысшасы: "Одноклассники 2") фильмі.  

Аталмыш фильм бозбала мен бойжеткен арасындағы ұлы сезім туралы. Ең өкініштісі, бойжеткен ксеродерма (құрғақ терінің ультракүлгін сәулеге күюі) дертімен ауырады. Ол дертінің дауасын музыкадан табады. Түн кезінде гитарамен ән шырқайды. Бір күні ол өз жұлдызын жағатын жігітке кезігеді. Фильмнің басты ролін 18 жастағы америкалық әртіс Белла Торн ойнайды. Фильмнің түсірілімі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады.

Фильмнің бас режиссері - "Бір қадам алға 4" драмасының қоюшы режиссері Скотт Спир. 

Е. Жұмабайұлы