Арнольд Шварценеггер мадам Тюссо музейінде жұрттың зәресін алды (видео)

Әйгілі актер Арнольд Шварценеггер Лондондағы мадам Тюссо музейінің келушілерін мазақ етті. Актер арнайы жасақталған бір топ гримердің көмегімен өзінің бұрынғы кейіпкері Терминатордың кейпіне енген. Алдымен Арнольд өзінің кинодағы дәйексөздерін айтып көше аралап, одан бейхабар жолаушылармен суретке түседі. Тіпті оның екінші сыңары Терминаторменде біраз сөз таластырады. Ал одан кейін ол мадам Тюссо музейінің келушілерінің зәресін алады. Мұның барлығы алдағы уақытта шығатын «Терминатор: Генезис» киносының тұсаукесеріне жасалған дайындық екен.