- Негізгі бет
- Кино
- Ким У Бин...
Ким У Бин "Оңтүстік Кореяның үздік 10 актері" тізіміне енді
Ким У Бинді қазақ көрермендерінің жүрегін жаулаған "Мұрагерлер" сериалы арқылы білеміз. 2013 жылдың үздік сериалы атанған "Мұрагерлерде" актер байдың баласы рөлін сәтті сомдаған. (Массагет.кз порталы "Мұрагерлер" сериалын аударуды бастағанын естеріңізге саламыз. Сериалдың 1-бөлімін мына сілтемеден көре аласыздар). Біз Ким У Бинді жақсырақ тану мақсатында оның өміріне үңіліп көрдік.
Ким У Бин Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында 1989 жылы туған. Бойы – 188 см. Оңтүстік Кореяның атақты актері 2009 жылы модель ретінде халыққа танылған. Бүгінде жыл сайын өтетін Сеул сән апталығына тұрақты түрде қатысады. Ал актер ретіндегі алғашқы қадамы "White Christmas" дорамасынан басталған. 2011 жылы Sidus HQ дарындар агенттігімен келісімшартқа отырып, "Vampire Idol" дорамасына түседі. Агенттік актерді таныстырғанда, ол туралы былай деген: "Ким У Бин сымбатты ғана емес, ол рөлді де өте жақсы сомдай алады. Ол енді SidusHQ-дің жаңа мүшесі атанды. Оның ел алдына шыққанына екі жыл болса да, әр жаңа жобаға қатысқан сайын өзінің актерлік шеберлігін жаңа қырынан көрсетеді".
Актердің жеке өміріне тоқталатын болсақ, ол былтырға дейін Ю Чжи А атты модельмен жылы қарым-қатынаста болған. Ю Чжи А актерден бір жас үлкен. Екеуінің қарым-қатынасы жайлы алып-қашпа әңгіме тараған бойда актердің агенттігі бұл әңгімені растаған. Олар 2011 жылы журналдың фототүсірілімінде танысқан. Екеуі де сән саласында жүргендіктен, тез тіл табысқан. Өкінішке орай, 2014 жылдың қаңтарында жұп екі жаққа кеткен. Оның себебі – екеуінің де жұмыс графигінің тығыздығы.
Бір сұхбатында Ким У Бин: "Жасым 35-ке келгенде үйленгім келеді. Әйелім мен сәбиімнің досына айналсам деймін. Анам мен әкем сияқты. Қажет болса, қоқыс жәшігін тазалаудан да қашпаймын", – деп мәлімдеме жасаған.
Ким У Бин биыл TV Report жасаған "Оңтүстік Кореяның үздік он актері – 2015" рейтингінде екінші орыннан көрінді.
Ұқсас жазбалар:
Ли Бен Хон мен Ли Мин Чжонның некелесу рәсімі
М. Оңғарова