Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Снайпердің «көзі»
Снайпердің «көзі»

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

Мен қалай блогер болдым?
Мен қалай блогер болдым?

Автор: Марғұлан Ақан

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Ли Бен Хон мен Ли Мин Чжонның некелесу рәсімі

Ли Бен Хон мен Ли Мин Чжонның некелесу рәсімі

Ли Бен Хон мен Ли Мин Чжонның некелесу рәсімі

Қос ғашық 10 тамыз күні сағат 18:00 де Сеул қаласының "Grand Hyatt"  қонақ үйінде некелесті. Некелесу рәсімін жүргізген – актер Шин Ен Ген, ал тойды басқарған – актер Ли Бом Су мен Шин Дон Еп. Тойға барлығы 900 адам келді. Пак Чжон Хен (Лена Пак), Ким Бом Су, Пак Сон Джу мен Dynamic Duo құттықтау өлеңдерін айтты. Ал той соңында қалыңдық гүлі Ли Мин Чжонның құрбысына бұйырды.

Той алдында Ли Бен Хон «Біз әр күнімізді бақытпен өткіземіз. Бұл өмірімнің екінші бөлімінің басы, сол себепті әрбір атқан таң қуаныш сыйлайды деген үміттемін. Мен осыған дейін жақсы актер болу үшін барымды салып аянбай жұмыс жасадым және болашақта да осы жолдан таймаймын» деген.

Ал Ли Мин Чжон: "Табиғаттың тылсым күшіне таң қаламын. Той болатын күні жаңбыр жауып, найзағай соқса рәсімнің шырқын бұзады деп ойлайтынмын. Халқымызда «Тойда жаңбыр жауса, қос ғашықтың ғұмыры ұзақ әрі баянды болады» деген аталы сөз бар. Жаңбыр да жауды, күн де күркіреді, яғни біз мәңгілік бақытты боламыз!" дейді.

Жас жұбайлар бал айын 12 тамыздан бастап Мальдив мемлекетінде өткізетін болады. Болашақта Ли Бен Хонның Кванджуда орналасқан үйінде тұрамыз деп жоспарлауда.  

Мұнымен қатар Ли Бен Хонды голливуд актеры Брюс Уиллис те құттықтады. Брюс сұхбаттардың бірінде: "Екеуіміз түсірілім барысында жақсы тіл табысып кеттік. Бірге түскен екі жобада Ли Бен Хонның ойынына таңқалдым. Оның қатысуымен экшн көріністердің барлығы шынайы болып көрінді..." - деген екен.

Ли Бен Хон: «Мен осы күнге дейін түрлі актерлермен жұмыс жасадым. Алайда голливуд актерлерінің өзі маған қолдау көрсетіп жатқанына әлі де сене алмаймын» деген сәтінде Брюс Ли Бен Хонға бұрылып: «Үйлену тойыңмен құттықтаймын!» деп айқайлап жіберген. 

  Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: daramu.ru

22318 19
Рейтинг: +4

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Қосылған күні: 12 тамыз 2013, 17:06
Пікірлер
+0
12 тамыз 2013, 17:03

Күшті актер! Үйленулері құдды ертегідей болыпты. Бақыт тілеймін! :)

+0
12 тамыз 2013, 17:10

Аралары 13 жас екен ужас :o

+0
12 тамыз 2013, 17:46

Әдддддемi жұп, иә?! )
Өткенде Массагеттен бiреу-мiреулер тойға жиналып жатыр едi ғой «Не сыйлаймыз?» деп. Қалай барып-келдiңдер? :D

+0
12 тамыз 2013, 17:53

Корей актерлерінің ішінде (мен танитын) голливуд фильмдеріне "жолдама" ала алған актер осы ғана шығар :)

+0
12 тамыз 2013, 18:32

Ыстық ұядағы актерда бар ғо

+0
12 тамыз 2013, 18:33

Бросок Кобры :P

+0
12 тамыз 2013, 20:14

Бросок кобры да жаксы ойнап шыкты

+0
12 тамыз 2013, 22:04

бақытты болсын!!!

+0
12 тамыз 2013, 22:42

қандай бақытты жандаар!

+0
12 тамыз 2013, 23:18

осы әдемііі қызды баяғыда кімге үйленеді екен дейтін едім :)

+0
19 тамыз 2013, 12:56

Қыздың қылықтары біртүрлі екен))) Тобааа :D

+0
19 тамыз 2013, 12:58

Бақыт тілеймін! Ким И На-ны Мин Су Ен-нан басқаға қимаған болар едім, екеуі кинода керемет жұп болғандықтан болар, өмірде де бас қосад деп ойлайтынмын!!!

+0
19 тамыз 2013, 13:01

Мен мына қызды есіме түсіре алмай отырсаааам, Ф4-тегі Ку Чжун Пе-нің әпкесі екен ғой, и жаным))) Кинодағы рөлі керемет ұнайтын ед))

+0
19 тамыз 2013, 13:09

Жоқ, Ку Чжун Пені осы қызға үйлендірмек болған. Әпкесін басқа актриса ойнайды. :)

+0
19 тамыз 2013, 13:11

Еееее, ия ия ия, кинода қылықты ед өзі... :)

+0
27 тамыз 2013, 14:29

:) өте қылықтыы... Күштііі... Бақытты болындар!!! :P Тойға шақырмадыындар йәәәә ;)

+0
10 қыркүйек 2013, 12:01

Ли Бен Хон үйленеді дегенде қатты қуандым. Екеуі керемет жұп деп санаймын! Бақытты болыңдар!

+0
13 ақпан 2015, 15:08

Той көйлегі ғажап.

+0
13 ақпан 2015, 20:23

Мика, сіз көйлек таңдап үлгердіңіз бе?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

Қайсар До Бон Сун #1
Қайсар До Бон Сун #1

До Бон Сун – ерекше қыз.Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық...