Walt Disney Стивен Спилбергпен бірге фильм түсіреді

Walt Disney Стивен Спилбергпен бірге фильм түсіреді

Walt Disney Studios Стивен Спилбергтің "The BFG" атты жаңа режиссерлік жобасын қолға алды. Студия фильмді қаржыландыру мен продюсерлік қызметті өз мойынына алды.

Бұл аталмыш студия мен танымал қоюшының алғашқы жобасы. 1982 жылы шыққан туындыда Софи атты кішкентай қыз және оның BFG атты алып досы туралы баяндалады. Олар бірге әлемді зұлымдардан құтқаруды мақсат етеді.

Басты рөлді Макр Райленс, ал Софидің рөлінде жас Руби Барнхилл атты актриса ойнайды. Сондай-ақ фильмнің актерлік құрамына Дэниэл Бэйкон, Джемейн Клемент, Билл Хардер және басқа да актерлер бар.

Стивен Спилбергтің DreamWorks студиясы бұл кітаптың сюжетін түсіруге 2011 жылы рұқсат алған еді.

"The BFG" фильмінің премьерасы 2016 жылдың 1 шілдесіне белгіленген. Ал түсірілім Ванкуверде өтеді.

Сурет: movies.film-cine.com

Ұқсас жазба: 

Хейден Кристенсен Марко Полоның рөлін ойнайды

Ф. Абилова