Хейден Кристенсен Марко Полоның рөлін ойнайды

Хейден Кристенсен Марко Полоның рөлін ойнайды

Paramount студиясы әйгілі венециалық көпес, саяхатшы Марко Полоға арнап фильм түсіреді. Ол туындыда басты рөлді Хейден Кристенсен сомдайды.

Фильм шытырман оқиғалы боевик жанрында түсіріледі деп бекітілді. Қоюшы режиссер – Роб Коэн.

Марко Поло география, халықтың шоғырлануы, бірнеше елдің тарихы туралы «Әлемнің әртүрлілігі туралы кітап» атты туынды жазған. Кітаптың кейбір бөліктеріне ғалымдардың күмәні бар, алайда ғылым түпнұсқалылығына күмәнданбайды.

Марко Полоның оқиғасы талай рет фильм ретінде ұсынылған еді. Ал Netflix видеоқызметі 2014 жылы телехикая ұсынды.

Кристенсен көрерменге «Жұлдыздар шайқасы» фильміндегі Энакин Скайуокердің рөлімен танымал.

Сурет: fansshare.com

Ұқсас жазба:

"Дивергент 2: Инсургент" фильмінің ерекшелігі не?

Ф. Абилова