Әлемдегі ең ұзақ сериал

Әлемдегі ең ұзақ сериал

Бүгін біз сіздермен әлемдегі ең  ұзақ сериал жайында сөз  қозғайтын боламыз. Жоқ, ол «Санта-Барбара» емес. «Санта-Барбара» тек 2137 ғана сериядан тұрады ғой. Біз айтпақ болған сериал – «Жол сілтеуші жарық» («Guiding light»). Бұл сериал Гиннестің рекордтар кітабына «теледидардан көрсетілген ең ұзақ сериал» болып енді. Сериалдың 15 511 сериясы 2008 жылдың 19 қыркүйегінде жарыққа шыққан. 2009 жылдың 18 қыркүйегінде мәресіне жеткен сериалдың жалпы серияларының саны 15 762-ні құрайды. Сериал телевидения әлеміне шыққалы әр түрлі 357 премияны ұтып алып, 94 түрлі сыйлыққа ие болған. Мұны көріп отырып киноның тарихын: түрлі-түсті видеокөрініс қашан пайда болғанын, қай уақыттан бастап киноны таспаға баса бастағанын жаттап алуға болады. Сериалдың құрушысы Ирна Филлипс 1973 жылы дүниеден өткен. Айтпақшы, оны барлығы Америкадағы құнсыз операнының анасы деп есептейді екен. Ал киноны түсіруші компания – «Procter&Gamble».

15 762 серияның бәрінде не айта береді деп ойлайсыз ба? Айтып бітірмек түгілі, тіпті үлгермей де қалады. «Жол сілтеуші жарықта» өмір жолында адасқан адам жаны туралы айтылады. «Тағдыр бізге және біздің бауырларымызға әр түрлі жолдармен кетуімізге рұқсат бермейді. Біз басқаға не жасасақ, сол алдымызға айналып келеді». Қасиетті Джон Рутленд үнемі жағылған шамды басты символ ретінде ұстап отырады. Өйткені үйде жоғалған нәрсенің бәрі тек сол шамның көмегімен ғана табылады (тура және жанама мағынасында да). Басты назарда сол жол сілтеуші  шам болады. Ол шам кедей отбасы Бауэроның шаңырағында да, бай ұрпағы Гранттың үйінде де, Флетчер, Флэптон, Сполдингте де болады. Барлық отбасы мүшелерінің іздегені – махаббат және шындыққа жеткізетін жол сілтеуші адам.

Алғашында, 1937 жылы «Жол сілтеуші жарық» радиодан берілген екен, теледидарға 1952 жылы ғана шыққан. Ең алғаш түсіріліп жатқан кезде, отызыншы кезеңінде сериялар тек 15 минутқа ғана созылған. Содан соң, уақыт өте бере ол көбейіп, бір серия 60 минуттың көлемінде түсірілетін болған. Бір жылдары сериалды теледидардан шектетер кезде америкалық қарт кісілер осы сериалды 48 жыл бойы көріп келе жатқанын айтып шағымданған екен.

Сондықтан бұл сериалдың жанында 311 сериялы «Жедел жәрдем» де, 2137 сериядан тұратын «Санта Барбара» да тек қысқаметражды кино болып қала бермек.

Кейбіреулердің сөзіне сенсек, «Жол сілтеуші жарықтың» барлық сериясын толық көріп біту үшін адам өмірінің 1,5 жыл уақыты кетеді екен. Ол үшін сіз тәулік бойы, 24 сағат еш үзіліссіз, ұйқыны да басқаны да ұмытып, теледидардан көз алмай  отыруыңыз керек. Міне, қызық!

 

 Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: zigazaga.tv

А. Әбілхан