Жылқы жануары жайлы үздік фильмдер – 2

Жылқы жануары жайлы үздік фильмдер – 2

Жылқы жануарына қатысты үздік фильмдер топтамасын жалғастырамыз. 

«Клара» (2010)

Фильм швед жазушысы Пии Хэгмэрдің кітабы бойынша түсірілген. Кинода ата-анасы ажырасқаннан кейін, шағын қалаға көшіп келген Клара есімді қыздың өмірі туралы көрсетіледі. Клараға сыныптастарының жаңа оқушыға деген көзқарасы қиын тиіп, бірден тіл табысып кете алмайды. Сыныптастарының көбі ат спортымен айналысады. Өз ортасында беделін арттыру үшін енді оған атпен салт жүруден жарысқа қатысуға тура келеді. Ең басты қиыншылық – оның ешқашан ер-тоқымға отырып көрмеуінде еді. Бұл жағдайда қызға көмекке Джонт атты құрбысы келеді. Екеуі көркі кеткен, баяғыда-ақ жарысқа түсушілердің тізімінен сызылған «Жұлдыз» атты жылқымен дайындалады.

Шыққан жылы: 2010

Елі: Швеция

Режисер: Alexander Moberg

Жанры: отбасылық

Рөлдерде ойнаған: Rebecca Plymholt, Joel Lutzow, Чьелль Бергквист, Реджина Ланд, Ebba Ribbing, Жаклин Рамел, Fredrik Dolk, Carl Miller Ezelius, Оле Форсберг, Ашок Гэбриел, Josefin Hogfelt-Oijer, Herta Jankert, т.б.

 

«Чемпион» (2010)

Фильм шынайы оқиғаның негізінде, Секретариат атты жылқының өміріне байланысты түсірілген. Ол 25 жыл бойы аса беделді «Үштік тәжді» ешкімге бармеген. Бұл – әлемдік спорт үшін үлкен жаңалықтардың қатарына жатады. Секретариаттың туғанынан жеңіс тұғырына көтерілгеніне дейін, жанында бабын таба білген білгір бапкер, жақын адамындай аялап ұстаған сүйікті қожайыны болды. Жылқының жетістікке жетіп, танымал болуы үшін сол кісілердің еңбегі айрықша.

Елі: АҚШ

Шыққан жылы: 2010

Жанры: отбасылық, драма, спорт, тарих

Режисер: Рэндалл Уоллес

Рөлдерде ойнаған: Джон Малкович, Дайан Лэйн, Дилан Уолш, Нелсан Эллис, Марго Мартиндейл, Отто Торварт, Джеймс Кромуэлл, Фред Долтон Томпсон,Скотт Гленн, Ричард Фуллертон, Майкл Хардинг

Ұзақтығы: 116 мин

 

«Жауынгер жылқы» (2011)

Стивен Спилбергтің бұл киносы ағылшын жазушысы Майкл Морпург романының желісі бойынша түсірілген. Фильмде Альберт атты бала мен Джоуи есімді жылқының таңғажайып достығы көрсетіледі. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде Джоуи кавалерия полкімен бірге Франциядағы ұрыс даласына жол тартады. Альберт әскерге жасы жетпесе де, досын құтқару үшін майдан даласына аттанады. Фильмге Джоидің рөлінде 14 жылқы түскен. «Басты» жылқы Файндер «Фаворит» фильміне де түскен екен. Түсірілім алаңында америкалық жануарларды қорғау қорының өкілдері үздіксіз қатысып отырды. Түсірілім аяқталған кезде олар қызметкерлердің жануарлармен жұмысын өте жоғары бағалаған.

Шыққан жылы: 2011

Елі: АҚШ

Режисер: Стивен Спилберг

Жанры: драма, әскери, жаңа

Рөлдерде ойнаған: Эмили Уотсон, Дэвид Тьюлис, Питер Муллан, Нильс Ареструп, Джереми Ирвин, Том Хиддлстон, Бенедикт Камбербэтч, Celine Buckens, Тоби Кеббелл, Патрик Кеннеди, Леонард Кэроу, Дэвид Кросс, т.б.

 

«Менің жарық жұлдызым» (2012)

Фильм адам мен жылқының риясыз, айнымас адал достығы турасында сыр шертеді. Луиза есімді бас кейіпкер әкесінің фермада жалғыз екенін түсініп, оған көмекетесіп, қолдау білдіру үшін, жанына барып тұруға шешім қабылдайды. Ферма Луиза үшін бөтен емес-тін, бұнда балалақ шағы туралы тәтті естеліктер мен сүйікті досы – Маркиз бар еді. Өткінішке орай жануардың ауыр жарақаты бар болып шығады. Сондықтан да жарыстарға қатысу мүмкіндігінен айрылған екен. Бірақ Луизаның ойы басқа. Ол Маркиздің жарақатынан айығып, спортқа қайта оралатынына сенімді болды. Луиза сүйікті атының қатарға қосылуы үшін соңына дейін күреседі.

Шыққан жылы: 2012

Елі: Франция

Режисер: Энн Фассио

Жанры: Драма

Рөлдерде ойнаған: Кристофер Ламберт, Клод Брассёр, Антуан Берри, Николас Робин, Франк Гурлат, Жан-Мишель Нуари, Лола Наймарк, Джульетта де Пригни, Самюэль Лабарт, Эрик Наггар

 

«Шығыс желі» (2013)

Бұл фильмде де қыз бен жылқының достығы туралы баян етіледі. 14 жастағы Миканы ата-анасы жазғы демалыста сабақтағы нашар үлгерімі үшін қыстақта тұратын әжесіне жібереді. Қыз болса бар демалысын кітап оқумен өткіземін деп жоспар құрады. Алайда күтпеген жерден «Шығыс желі» атты қорадағы асау жылқымен жолығып қалады. «Шығыс желін» әлі ешкім қолға үйретпеген болатын. Бір күні жануарға деген құмарлық сезімі ерік бермеген Мика қораға жасырынып кіреді. Сол кезден бастап екеуінің достығы басталады. Миканың асау атты қолға үйретуге күші жетер ме, жетпес пе?

Шыққан жылы: 2013

Елі: Германия

Режисер: Катя фон Гарнье

Жанры: отбасылық

Рөлдерде ойнаған: Детлев Бук, Корнелия Фробесс, Ханна Хёппнер, Нина Кроньягер, Марвин Линке, Тило Прюкнер, Юрген Фогель.

 

«Қош бол, Гүлсары!» (2008)

Фильм Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша түсірілген. Оқиғасы кеңестік Қазақстанның 50-ші жылдарын қамтитын фильмде колхозшы-коммунист Танабай мен оның Гүлсары атты сәйгүлігінің ғұмыры баяндалады. Аталған кинотуынды V-ші «Eurasia» халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін иеленді. Гүлсары аттың рөлін 15 жасар ақалтеке Гарпун есімді сәйгүлік сомдады.

Шыққан жылы: 2008

Елі: Қазақстан

Жанры: Тарихи драма

Режисері: Ардақ Әмірқұлов

Рөлдерде: Доғдырбек Қыдыралиев, Нұрлан Санжар, Райхан Айтқожанова, Жанель Мақажанова

 

«Құлагер» (1972)

Бұл фильм ХIX ғасырда өмір сүрген ақын, сазгер Ақан Серінің өмірі, адами болмысы, тұлпары Құлагердің тағдыры турасында түсірілген. Құлагер – қазақ даласына танымал тұлпар. Оқиға желісі өмірден алынған. Қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың дәл осы аттас поэмасы бар. Фильмнің поэтикалық құрылымы поэмадан негіз алады. Фильмде қазақтың сайын даласында бүкіл ел сыйлаған Сағынайдың асы суреттеледі. Бәйгеге Ақан Сері де өзінің бапталған сәйгүлігін қосып, мылқау баласына тізгін береді. Алайда Құлагерге Батыраштартың балтасы сілтеніп, мәреге жете алмай жығылады.

Жылы: 1972

Режисер: Болат Мансұров

Сценарий: Асқар Сүлейменов, Болат Мансұров

Оператор: Виктор Осенников

Суретші: Сахи Романов (Р. Сахи)

Композитор: Нұрғиса Тілендиев

Дыбыс операторы: Қадыр Құсаев

Рөлдерде ойнаған: Қарғамбай Сатаев, Кененбай Қожабеков, Байтен Омаров, Шахан Мусин, Әлішер Сүлейменов, А.Борбаев, Дариға Тілендиева, Атайбек Жолымбетов, Қанабек Байсейітов.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: tele.ru, gatchina24.ru, yvision.kz 

Ш. Талап