Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Жаңажылдық 7 романтикалық фильм

Жаңажылдық 7 романтикалық фильм

Жаңажылдық 7 романтикалық фильм

Жаңа жылмен бірнеше күн демалыс та бірге келеді. Осы демалыс күндерін жылы көрпеге оранып, ғажайып пен махаббатқа сендіретін романтикалық фильмдер көрумен өткізуге болады. Біз сіздерге ең үздік деген 7 романтикалық фильмді ұсынамыз.

Сен ұйықтап жатқанда / Пока ты спал, 1995 жыл


Режиссер: Джон Тартельтауб

Басты рөлдерде: Сандра Баллок, Билл Пуллман, Питер Галлахер, Глинис Джонс

Бұл жаңажылдық ертегі өтірік бақыттың шын бақытқа ұласуы жайлы баяндайды. Люси есімді кедей және жалғыз басты қыз метрода кассир болып жұмыс істейді. Ол бір жолаушыға сырттай ғашық және күндердің бір күнінде ғашығын рельске құлаған жерінен құтқарып алады.

Жас жігіт Питер Калахан құлаған соң комаға түсіп қалып, отбасы Люсиді оның қалыңдығы ретінде қабылдайды. Осылайша Рождество күні Люсидің өтірік жігіті мен өтірік отбасы пайда болады. Тек Питердің ағасы ғана қызға сенбей, өтірігін шығармақ болады. Онсыз да шытырманға толы оқиға Питердің Люсиге ғашық болуымен тіпті шиеленісіп кетеді.

Жалға алынған отбасы / Семья напрокат, 1997 жыл


Режиссер: Тед Котчефф

Басты рөлдерде: Рома Дауни, Эрик МакКормак, Шоун Томпсон, Джанет Бэйли, Кевин Хикс

Жаңа жыл отбасылық мейрам болғандықтан, жаңажылдық романтикалық комедиялардың сюжеті көбіне отбасы төңірегінде өрбиді. Ал бақытын таппай жүрген кейіпкерлер сол отбасын өтірік жасауға мәжбүр. Жаңа жыл қарсаңында жас бизнесмен Сэм мексикандық әріптесі Ксавьер Дель Кампомен келісім-шартқа отырмақ болады. Бірақ Ксавьер дәстүрлі отбасы құндылықтарын қастерлейтін өте кірпияз адам. Келісім-шарт ойдағыдай өтуі үшін Сэм жалғыз басты ана Кэтлин мен оның жеті жасар қызы Зоиге қомақты ақшаға оның отбасын ойнай тұруға ұсыныс жасайды. Бірақ, ересек адамды басқаруға болса да, баланы басқару - мүмкін емес. Зои Ксавьерді оған әке сыйлайтын қорғаушы-періште деп қабылдайды. Сюжеттің әрі қарай қалай дамитынын болжау қиын емес шығар...

Қамқор әке / Семьянин, 2000 жыл


Режиссер: Бретт Рэтнер

Басты рөлдерде: Николас Кейдж, Теа Леони, Дон Чидл, Джереми Пивен, Сол Рубинек

13 жыл бұрын Джек табысты болуға ұмтылып, сүйікті қызы Кейтпен айрылысып, туған қаласынан кетіп қалады. Қазір ол – табысты бизнесмен және отбасылық мейрам сияқты дүниелер оны қызықтырмайды. Ол қымбат автокөлік айдайды, қымбат киімдер киеді және өзінің дұрыс, не бұрыс істегендігі жайлы ешқашан ойланған емес.

Осылайша, Жаңа жыл қарсаңында бәрі өзгереді. Аяз Атаға онша ұқсамайтын адаммен кездесуден кейін ол біреудің үйінде, сол алғашқы махаббаты Кейттің жанында, екі бала мен иттің бөлмесіне баса көктеп кіріп кетуінен оянады. Сөйтсе бұл, 13 жыл бұрын егер ол қызын тастап кетпегенде, өмірі осылай өрбитіндігінің көрінісі екен. Оның енді Феррариі де, кеңсесі де жоқ, ол жай ғана шина сатушысы. Табысты бизнесменнің өмірінен гөрі, осы өмір оған ұнап қалатынын кім ойлаған?

Интуиция, 2001 жыл


Режиссер: Питер Челсом

Басты рөлдерде: Джон Кьюзак, Кейт Бекинсейл, Джереми Пивен, Джон Корбетт

Джонатан мен Сара Рождество қарсаңында танысып, кешті керемет өткізеді. Ал кейін қоштасып кетеді. Бірақ қоштаспас бұрын олар тағдырды сынамақ болады. Сара телефон нөмірін кітаптың ішіне жазып, букинистік дүкенге өткізіп жібереді. Ал Сэм байланыс нөмірін бесдолларлық ақшаға жазып, жақын маңдағы киоскіде айналымға салады. Бұл заттар өз қожайынын табар ма екен, ал қожайындар – тағы кездесе алар ма екен?

Шынайы махаббат / Реальная любовь, 2003 жыл


Режиссер: Ричард Кертис

Басты рөлдерде: Хью Грант, Кира Найтли, Алан Рикман, Эмма Томпсон, Лора Линни, Томас Сангстер, Лайам Нисон, Колин Ферт, Билл Найи, Мартин Фримен

Бұл фильмді ең романтикалық және ең жаңажылдық фильмдердің бірі деп есептеуге болады. Фильмнің сюжеті әрқайсы өз бетінше өрбитін тоғыз түрлі махаббат хикаяларынан құралған. Бірақ, кейде кейіпкерлер бір-бірімен байланысып жатады. Әр хикаяның мағынасы – өмірдің өзі махаббаттан құралған және махаббаттың ғажайып жасайтын қасиеті бар екендігі. Әртүрлі адамдар ғашық болып, өмірлері өзгеріп жатады.

Рождествоны бастан кешіру / Пережить Рождество, 2004 жыл


Режиссер: Майк Митчел

Басты рөлдерде: Бен Аффлек, Джеймс Гандольфини, Кристина Эпплгейт, Кэтрин О’Хара

Рождество мейрамына орай құрылған өтірік отбасы мен өтірік үй жайлы тағы бір хикая. Дрю есімді бай жас жігіт қызына тосын сый жасап жатқандығын мәлімдейді. Қыз, әрине, үйленуге ұсыныс күтеді немесе тым құрығанда, жігіт ата-анасымен таныстыруға шақырады деп ойлайды. Өйткені Жаңа жыл – отбасылық мейрам ғой."Фиджи! Біз Филжиге ұшамыз! "  – деп қуанышпен хабарлайды Бен Аффлектің кейіпкері.

Қыз ренжіп, кетіп қалады, ал Дрю өз бетінше көңіл көтеруге бел буады. Ол өзі туып өскен үйді тауып алып, сонда Рождествоны тойламақ болады. Онда бұрыннан басқа адамдар тұрып жатқандығы да оны қызықтырмайды. Ірі сомаға олар оның отбасының рөлін ойнап беруге дайын. Отбасы да Дрюдің өзі сияқты кішкене есі ауысқан екен. Бірақ ұрыстар мен жанжалдарға қарамастан ол қожайынның қызына ғашық болып қалады. Бұған ол не дер екен? Жалпы, бұл Рождестводан бәрі аман шығады ма?

Демалыс / Отпуск по обмену, 2006 жыл


Режиссер: Нэнси Мейерс

Басты рөлдерде: Кэмерон Диаз, Кейт Уинслет, Джуд Лоу, Джек Блэк, Эли Уоллах

Мейрам қарсаңында сүйіктіңмен айрылысу кімге болса да оңай тимесі анық. Фильмнің басты кейіпкерлері: ағылшындық Айрис Симпкинс пен американдық Аманда Вудс – бір-бірінен 10 000 км қашықтықта өмір сүреді. Жалғыз қалған олар, Жаңа жыл қарсаңындағы демалысты пайдаланып, қиыр шетке саяхаттауды жөн көреді. Екі аптаға олар үйлерімен ауысып, екеуі екі қиырда таңғажайып күндерді бастан кешіреді. Бәлкім, үйлерінен алшақ жерде махаббаттарын жолықтырар? Әрине, жолықтырады, өйткені бұл романтикалық комедия ғой!

Сурет: www.1tv.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 31 желтоқсан 2013, 13:45
Пікірлер
+0
31 желтоқсан 2013, 13:19

Отпуск по обмену мен Реальная любовь фильмдерін жыл сайын қараймын, анардың кеңесімен бүгін Интуиция фильмін көретін болдым)

+0
31 желтоқсан 2013, 13:21

Күшті фильмдер ғой. Көріңіздер) :?

+0
31 желтоқсан 2013, 13:33

Один домаға жетпейді :D

+0
31 желтоқсан 2013, 20:19

Қамқор әке фильмі ерекше :)

+0
01 қаңтар 2014, 01:58

шынайы махаббаты ғана көріппін

+0
02 қаңтар 2014, 21:26

Интуиция қатты ұнайды, мен сияқты қиялиларға арналған))

+0
04 қаңтар 2014, 14:49

Интуицияны көргім кеп тұр

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.