Қазақстандық тұтқын қыз

Қазақстандық тұтқын қыз

Жақында Алматы қаласында қазақстандық актриса Әлия Телебарисова ұрланған болатын. Теріс ниетті қылмыскерлерден жасырыну үшін актриса жарақат алып қалды.

Ару қызымыздың жанкүйерлері алаңдамаса да болады: аталған қақтығыс "Ештеңеге қарамастан" ("Вопреки всему") атты фильмінің түсірілімінде орын алған. Бұл – Әлия Телебарисованың қатысуымен жарыққа шығатын жаңа фильм. Бұл туралы Еxpress-k.kz сайты хабарлайды.

Фильмнің режиссері – поляк режиссері Анджей Вайданың шәкірті, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінің түлегі Айдын Самаханов екен. 

Мұнда Әлия қылмыстық топтан құтылу үшін ауылдан қалаға қашатын Кәмила атты бойжеткеннің рөлін сомдайды. Кәмиланың осы арада Мұратпен танысуы – тағдырдың сыйы десе де болады.

Әлия тілшілерге берген сұхбатында: "Менің рөлім өте қиын, бұл жерде ылғи да уайым мен алаңдаушылықты көрсетіп отыру керек. Бірақ актердің басты мақсаты кез келген жағдайға еніп, мінсіз алып шығу. Көрермендердің қаһармандардың сезімдерінің шынайылығына күмәндәрі болмауы тиіс" деген екен. 

Заманауи Ромео мен Джульеттаның махаббат оқиғаларынан басқа, Кәмиланың анасы мен бауыры Еркебұланның өлімдері көрсетілетін детективті хикаялар экраннан көрсетілетін болады.

Картинаның бас продюсері – қазақстандық танымал режиссер Ақан Сатаев. Оның айтуынша, барлық сюжеттер қазақы менталитетке сүйеніп жасалған. Ал көрермендер кейіпкерлердің арасынан өздерінің таныстарын, достарын, көршілерін танитын болады.

20 сериядан тұратын фильімнің түсірілім жұмыстары Алматы қаласы және Алматы облыстарында өткізілген. Фильм "Астана" арнасында қараша айының соңында немесе желтоқсан айының басында көрсетіледі деп жоспарланған.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: season.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Бобыржан Момынов IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Ғалымдар коронавирустың басты "қулығын" атады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
Актер Том Круз кезекті фильмдегі рөлін сомдау үшін ғарышқа ұшады
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
"Қазақтың Қадыры" атты облыстық жыр мүшәйрасы мәреге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 64 адамнан коронавирус анықталды
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады
NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады