Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Сатаев Голливудта топ жасақтап жатыр

Сатаев Голливудта топ жасақтап жатыр

Сатаев Голливудта топ жасақтап жатыр

Өздеріңізге қазақстандық режисер Ақан Сатаевтың жастарға арналған "Хакер" триллерін түсіретіндігін хабарлаған болатынбыз. Жаңа жобаның түсірілім жұмыстарына дайындық қызу жүріп жатыр. Бұл туралы  Season.kz сайты хабарлайды.

Фильм продюсері кинематографшы Санжар Сұлтановтың Голливудтың ең беделді кастинг-директорларының бірі Ларэйи Мэйфилд пен Brillstein Entertaiment Partners компаниясының атқарушы продюсері Джай Кханнаның қолдауына ие болғандығы туралы ақпарат тарады.

Ларэй Мэйфилд бірінші кезекте режиссер Дэвид Финчермен бірлесе жасаған жұмыстары арқылы танымал. Ол алғаш рет «Жауынгерлер клубы» фильмі үшін актерлерді жасақтаған болатын. Содан бері атақты режиссердің ешбір картинасы Ларэйдің қатысуынсыз түсірілген жоқ.

Ал Джай Кханна бірнеше жыл бойы Брэд Питтің менеджері болып жұмыс істегенімен, таяуда Brillstein Entertaiment Partners өндіруші компаниясындағы жаңа қызметке ауысты.

"Хакер" триллерінде несие картасын алаяқтық жолмен бұзып күн көретін хакердің шынайы өмірі баяндалады. «Жас жігіт жеңіл жолмен байлыққа кенелгісі келіп, хакерлік әлемнің түбіне тереңдеп кетеді. Бірақ ол «жеңіл ақшаның» соңы ауыр азапқа алып келерін кеш ұғады. Картинаны өңдеу жұмыстарымен Санжар Сұлтановтың Know Rules Media компаниясы айналысатын болады. Ал түсірілімнің өзі Нью-Йорк, Торонто, Дубай және Бангкок секілді ірі қалаларда өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, "Хакер" трилерінің жобасы қыркүйек айында Торонтодағы халықаралық фестивальда таныстырылған болатын. Ақан Сатаевтың да жаңалықтары жоқ емес. Ол соңғы аптада «Бауыржан Момышұлы» аталатын төрт сериалы телефильмнің түсірілім жұмыстарын аяқтады. Жаңа фильм желтоқсан айында көрсетілетін болады.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vesti.kz, Season.kz

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 17 қазан 2013, 10:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.