«Элизиум» фильмін көруге бес себеп

«Элизиум» фильмін көруге бес себеп

Адамдар әліптің соңын күте бермейді. Олар тек өздері туралы ойлайды. «Элизиум» фильмін көріп отырғаныңызда адамның тек ғана өзін ойлап, соның салдарынан бұл әлемді қирататындай күй кешесіз. Адамның жаман қасиеттері ешқашан жоғалмайды, ал жақсылар бар өмірін олармен күресуге жұмсайтындай...

2009 жылы қысқаметражды фильмдердің онша танымал емес режисері Нил Бломкамп 30 миллион қаржыға қандай да бір блокбастеріңізді «ұрып алатын» фильм түсірген. Район №9 тек керемет көрінісімен ғана емес, сонымен қатар керемет тарихымен, шынайылығымен таңғалдыра білген еді. Голливудта айналып жатқан қаржымен салыстырғанда тиындай болатын сомаға режисер керемет фильм түсіре білсе, оған 100 миллион қаржы беріп көріңіз, қандай фильмді дүниеге әкелетінін жобалай беруге болады. Біздің бұл қиялымызды шындыққа асырған ол 2013 жылы «Элизиум» фильмін түсірді.

Блогкамп фильмнің желісін барынша шынайы, барынша өмірдегідей етеді. Адамдар баяғыда-ақ бұл дүниенің экологиясын бұзған, ал қалталы байшыкештер Элизиум орбиталды стансысына көшіп кеткен. Онда олар адам көрмеген рахатқа бөленіп, жұмақтай жерде өмір сүреді. Онда ауру-сырқау, қылмыс, кедейлік дегендер атымен жоқ. Ал мұнда келуге шамасы жоқ қарапайым халық жерде қалып қояды. Макс (Мэтт Деймон) бала кезінен-ақ Элизиумға баруды армандайды. Жалғыз емес, өзінің махаббаты Фрей (Алиси Брага) есімді бойжеткенмен бірге. Бірде бұлардың зауытында төтенше жағдай болып, Макс өз арманына жетуге мүмкіндік алады. Элизиум әлемі адамының миы мен керемет киімін алған ол биліктің Крюгер (Шарлто Копли) бастаған баскесерлерінің нысанына айнала кетеді.

Бірден айтайық, әлем бүгінгідей, өз қалпында көрінген: аяқ бассаң қауіп, екінші қадамың қаталдыққа кезігесіз. Ақша басты байлық саналғанда адамгершілік жайлы сұрай көрмеңіз. Режисер дәл осы адамгершілік мәселесін көтереді, ең болмағанда бір адамда рухани байлық болса бұл дүниядан жерініп кетуге болмайтынын түсіндіргісі келетіндей.

Ақ-қара кино

Картинада контраст түстер назар аудармай қоймайды. Өзінің сәнімен таңғалдырар Элизиум әлемі жер ғаламшарына қарама-қайшы орын саналады. Байлық, денсаулық және технология кедейлік, ауру-сырқау, сұп-сұр әлемге қарсы. Тіпті негізгі ұрыс Макс пен Крюгердің соқтығысы – қарама-қайшылықтар таласы. Басты кейіпкерімізді де мінсіз демей-ақ қоялық, оның іс-әрекеті мен тәртібінде де кеміліктер баршылық.

Өз көзіңе сен

Бломкамп керемт фильм түсірушілер қатарында қаржылай мәселені жұмсап тәуекелген барушы режисер ғой, сол себепті де Питер Джексон оған студияның ақшасын беріп, бірнеше рет сенім білдірген. Район №9 фильмі керемет саналса, «Элизиум» одан да өткен кино. Бұл ойымызды фильмдегі бір ғана экзоскилетке 8 ай жұмсалғанын айтсақ, дәлелдей түсеріміз анық. 2154 жыл Элизиумда керемет дамыған әлем болса, жер 21 ғасырда тұрақтап қалғандай әсер береді. Мұнда ескіріп кеткен көліктер, байырғы технологиялар пайдаланылған.

Біздің өміріміз – ойын

Әр режисердің актер таңдауда үнемі ілестіріп жүретін сүйіктілері болады, мәселен Гильермо дель Тороның таңдауы әрқашан Рон Перлманға түссе, Сэм Реймидың әр фильмінен Брюс Кэмпбеллді күруге дайындала беріңіз, Тим Бертоннан Джони Дэппты, Нил Бломкамптың сүйіктісі ретінде – Шарлто Коплиды тани беріңіз. Мұнда ол бас антогонист Крюгердің рөлін мінсіз сомдайды. Фильмде жарылған граната бетін зақымдаса да оның «жындылығы» мен зұлымдығы жалпы зұлымдықтың жинақталған бейнесі секілденеді де тұрады. Фильм соңында басты кейіпкердің рөлін сомдаған Мэтт Деймонды аяп та кетуіңіз мүмкін. Джуди Фостер болса нағыз фурия! Оның әрбір ісі мен әрбір эмоциясы фильмге үлкен сыйқыр беріп тұратынын қалай айтпай өтуге болады?!

Ән

«Элизиум»-ның әнін жазуда Райан Амон тұңғыш рет бақ сынады. Әзірге киносыншылар мен музыканттар оның жұмысына оң баға беріп отыр.

Сондағысы...

Үлкен киноға келген режисер тәжірибесіздікті ынта мен жаңа дем басып кететінін бір емес, екі мәрте дәлелдей түсті! Осылардан кейін бұл фильмді көрмедім деп жүрмеңіз. Себебі біз бұл фильмді бас бармақпен бағаладық!

Ардақ Құлтай

Сурет: kanobu.ru

А. Құлтай