Тимур Бекмамбетовтың туындысы америкалық арнада көрсетілмек

Тимур Бекмамбетовтың туындысы америкалық арнада көрсетілмек

Тимур Бекмамбетовтың «Оз елінің жауынгерлері» («Воины страны Оз») мини-сериалы америкалық кабельдік Syfy арнасында көрсетілетін болады.

Бекмамбетовтың сөзінше, ол алдағы уақыттарда Фрэнк Баумның классикалық деңгейге көтеріліп үлгерген «Оз елінің сиқыршысы» атты атақты ертегісінің жалғасын жасап шығармақ.

Бұл ертегінің түпнұсқасына жартылай сүйенген және режисерлік тапқырлықпен өмірге келетін жаңа туынды фэнтазилік экшн жанрынан алыстамайды. Жердің бүгінгі қарапайым тұрғыны пост-апокалипсистикалық болашақ Оз еліне тап болады. Өз елін қаһарлы сиқыршылар билеп-төстейді.

Небір сұмдардың жүзін құрту үшін басты кейіпкерге Жүрексіз, Ақылсыз және Сужүрек деп аталатын үш жауынгермен бірігуге тура келеді. Олар – ертегінің түпнұсқасындағы Темір отын шабушының, Құбыжықтың және Сужүрек арыстанның рөлдері. Бекмамбетов бұл сериалға жай ғана продюсерлік етеді. Дегенмен, оның сөзінше ол өз туындысына әрі режисерлік те ететін көренеді.

Дәл қазіргі уақытта туындыға сценаристер іздестірілуде. Премьера болатын күн әлі анық белгіленген жоқ.

Тимур Бекмамбетов (режиcсер, сценарист, продюсер) Атырау облысы, Гурьев ауданында 1961 жылы өмірге келген. 2004-2005 жылдары «Түнгі барлау» («Ночной дозор») және «Күндізгі барлау» ("Дневной дозор") атты кинофильмдерді түсірген.

2005 жылы Голливудқа шақырылып, "Fox" кинокомпаниясының жобасымен айналысты. 2006 жылы ол Жерар Депардье түскен "Киевстар" мобильді операторының екі бірдей жарнамалық бейнеролигіне режисерлік етті.

2007 жылы «Тағдыр тәлкегі. Жалғасы» («Ирония Судьбы. Продолжение») атты кинофильмге режисер болып, 2008 жылы Голливудта «Аса қауіпті» («Особо опасен») кинофильмін түсірді.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: supervisorwire.com

А. Әбілхан