Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / "Жерұйық" Ресейде бақ сынамақ

"Жерұйық" Ресейде бақ сынамақ

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өнімі болып табылатын режисер Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» кинофильмі XV Жалпыресейлік Шукшинский кинофестивалі байқауының бағдарламасы бойынша көрсетілмек. Кинофестиваль Алтай өңірі, Барнауыл қаласында 2013 жылдың 17-23 шілде аралығында өтпек, деп хабарлайды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз-қызметі.

«Жерұйық» көркемфильмі 1937 жылы Қиыр Шығыстан кәрістер жер аударылған Алматы облысы, Үштөбе аулында өскен сценарист Сон Лаврентийдің балалық шағы туралы фильм. «Жерұйықтың» көрермен назарына жол тартқанына да біраз жылдың көлемі болып қалды. Фильмнің басты идеясы Қазақстандағы көпұлттылық­тың пайда болуын көрсету. Сценарийдің авторы  Лаврентий Сон сол заманның тірі куәгерлері.

Басты рөлдерді Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Попов, Бағлан Әбдіраимов, Тамара Қосубаева, Алтынай Нөгербек, Меңтай Өтепбергенов, Алексей Шемес сынды дарынды әртістер сомдайды. Алғашында «Атажұрт» деп аталып, кейіннен «Жерұйық» болып өзерген бұл фильмнің сюжеті қасіретті жылдардың ауыр жағдайында ізгілік пен адамгершілікті алға қойған Қазақстан халқының достығын бейнелейді. Сценарийі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілген.  

Ұжымдастыру, ашаршылық, саяси қуғын-сүргін, соғыс сияқты небір зобалаңға тап келсе де, адалдығынан айнымаған, тектілігін жоғалтпаған, ізіне шам алып түскен сатқындардың сөзіне арбалмай, бір-бірін отқа итермеген мәрт адамдардың ерлігі еріксіз таң қалдырады. Кәріс, неміс, түрік, шешен, күрд және басқа да ұлттар амалсыз туған жерінен алыстап, қазақ еліне келген кезде қатты жатсынады. Бірақ бауырмал қазақ халқы оларды төріне шығарып, бір үзім нанын да бөліп береді. Фильмде жұрттың берекесі мен бірлігін ойлап, елдің қамын жейтін нар тұлғалы азамат Орынбай  өмірде болған кейіпкер. Ол өз туған жерінен амалсыз көшіріліп әкелінген әртүрлі ұлттарды жатырқамай, бауырына басады. Міне, қазақтың қазақшылығы да осында ғой... Нағыз бұқпасыз шындықты дәл көрсеткен көркем туынды сапасы жағынанан да ешқандай фильмдерден кем емес. Фильм соңы мәрт азамат – Орынбайдың Сібірге жер аударылуымен аяқталады.

"Фестивальді ұйымдастырушылар ондағы көтерілген мәселеге бей-жай қарамастан, кинофильмді фестивальдің бағдарламасына іріктеп алғандығына разы болдым", - дейді режисер Сламбек Тәуекел.  

Сламбек Тәуекелдің «Жерұйық» кинофильмінен басқа XV Жалпыресейлік Шукшинский кинофестивалі байқауының бағдарламасына алты кинофильм іріктелген. Олар: Николай Лебедевтың «Аңыз №17» («Легенда №17»), Александр Касаткин мен Наталия Назарованың «Қыз» («Дочь»), Сергей Лозницаның «Тұманда» («В тумане»), Павел Пархоменконың «Гагарин. Ғарышта алғаш рет» («Гагарин. Первый в космосе»), Александр Карпиловскийдің «Жеке пионер» («Частное пионерское») және Наталия Беляускененің «Егер бәрі...» («Если все...») кинофильмдері.

Кинофестивальдің дәтүрлі сыйлығы – Колыванский тастескіш зауытынан шығатын 200 жылдық тарихы бар ваза. Ваза Змеиногорский ауданы, Алтай өңірінен шығатын бірден-бір қымбат табиғи тас – жасыл түсті яшмадан жасалады.

Байқауға қатысатын кинофильмдер Барнауыл, Бийск, Рубцовск, Славгород, Первомайский аудандарындағы кинотеатрлардан көрсетіледі.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: muz-tracker.net

580 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 22 шілде 2013, 14:09
Пікірлер
+0
23 шілде 2013, 09:20

ресейліктерге ұнай қояр ма екен, ұлтшылдары қарсы шығар :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...