Мерьем Узерли көрерменмен қайта қауышпақ

Мерьем Узерли көрерменмен қайта қауышпақ

Түрік басылымдары телеарнаның хиті болған "Керемет ғасыр" сериалында "Роксолананың" рөлін сомдаған Мерьем Узерлидің көрермен алдына қайта оралатыны туралы мәлімет таратуда.

Неміс-түрік актрисасы ендігі жылдың ақпан айында жаңа телесериалдың түсіріліміне қатыспақ.

Қазіргі таңда Мерьем продюсерлермен жаңа келісімшарт жасасу үшін ат басын Германияға бұрған. Ұзынқұлақтың тағы бір сөзінде, актриса қомақты қаржы көлемінде сыйақы төлеуін талап етіп отырған көрінеді. 

Узерлидің жаңа түсірілімінде әзербайжан жігіті мен әзербайжан қызының арасындағы қарым-қатынас баян етіледі екен. 

Естеріңізде болса, актриса Анталияда өткен "Керемет ғасыр" ұжымын марапаттау кешіне қатысқан болатын. Узерли сол кештің ең қадірлі мейманы болып, қалың көпшіліктің назарын өзіне аудартып еді. Сол кешке келіншегі Беергюзар Корельмен бірге "Сүлеймен Сұлтан" – Халит Эргенч те келген-ді.   

сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
НУ ғалымдары "ұйқы ауруына" шалдыққан Калачи ауылының құпиясын ашуға жақын
"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда көрсетіледі
"Барымташылар. Уақыт жолы" фильмі Францияда көрсетіледі
Қазақстандағы ірі кітапханалар
Қазақстандағы ірі кітапханалар
Айдың күнгей бетінен су табылды
Айдың күнгей бетінен су табылды
"Өткінші жаңбыр" телехикаясы қандай әлеуметтік мәселелерді көтереді?
"Өткінші жаңбыр" телехикаясы қандай әлеуметтік мәселелерді көтереді?
НУ түлегі косметикаға арналған ерекше мобильді қосымша жасап шықты
НУ түлегі косметикаға арналған ерекше мобильді қосымша жасап шықты