Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Кино / Баян Есентаева тракторшының махаббаты туралы телехикая түсіріп жатыр

Баян Есентаева тракторшының махаббаты туралы телехикая түсіріп жатыр

Баян Есентаева тракторшының махаббаты туралы телехикая түсіріп жатыр

Қазақстандық танымал продюсер Баян Есентаева «Хабар» агенттігімен бірлесіп жаңа жобаны қолға алды. Телехикая - "Тракторшының махаббаты" «Любовь тракториста» деп аталады. 

Біз осыған дейін сіздерді бұл хабармен құлақтандырып қойған едік. Баян Есентаева өзінің жаңа кинофильміне сценарий керектігін айтып хабарлаған кезде осы телехикая жөнінде де бір рет ауыз ашып айтып қалған болатын.

16 сериялық телехикая 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап қазақстандық телеарналарда көртсетілетін болады.

Баян Есентаеваның сөзінше бұл комедиялық телехикаяның өзгелерден көш бастайтын түрі бар. Жаңа телехикаяның сценарийі бойынша, әкесінің қыңыр да қырсық қызы ауылға барып, тракторшыға ғашық болып қалады.

Баян Есентаева продюсерлік етіп отырған жобаның режисері – Асқар Ұзабаев. Екеуі де бір-бірімен алғаш рет қосылып ортақ дүние шығаруға кірісіп жатқан жоқ. Өйткені режисер Асқар Ұзабаев «Коктейль для звезды» кинофильмінде де Баян Есентаевмен бірігіп жұмыс жасаған еді.

Продюсер Баян Есентаева мен режисер Асқар Ұзабаев

«Түсірілім таңғы сағат 5-тен түнгі сағат 2-3-ке дейін созылып жатыр. Біз күніне 20 көріністі дайындаймыз. Шамамен телехикаяның жартысын түсіріп біттік», - дейді режисер Асқар Ұзабаев.

Телехикаядағы басты рөлдерді «Kesh You» тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева мен «Ағайындылар», «Жаужүрек Мың бала» кинофильмдері арқылы таныс актер Берік Айтжанов сомдайды.

Сценарий бойынша, басты рөлдегі Кәмшат - әрі сұлу, әрі байдың қызы. Ол болашақта өзін не күтіп тұрғанын білместен, өзінің бай кәсіпкер жігітіне тұрмысқа шығуға дайындалып жүреді.

Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшаттың айтуынша, бұл оның кино саласындағы алғашқы сыны емес. Ол «Ғашық жүрек» телехикаясында үлкен рөл болмаса да, сондағы тәрбиешіні сомдаған еді. «Бұл рөлім онымен қарама-қарсы. Сонымен қатар маған жаңа қырымнан ашылуға сәт туғанына өте қуаныштымын», - дейді Кәмшат Жолдыбаева.

Ал басты рөлдегі арудың бай жігітінің рөлінде Гайдар Гильманов ойнайды. Гайдар Гильманов та кино саласына бейтаныс жан емес.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: look.tm

109322 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 06 маусым 2013, 17:37
Пікірлер
+0
06 маусым 2013, 18:52

Қызық, көрейік тракторшы жайында білмейтін продюссер киносын

+0
06 маусым 2013, 22:12

Баян Есентаеваны сыйлайтыным қазақша дұрыс білмесе де, ұлт жанашыры екенін аңғардым. Кез келген айтқан сөздеріне аргументтері дайын тұрады ғо.))) Қазақстандағы орыстілді шоубизнестің болашағы болмайды дегенімен келісем, ал қазақша шоубизнесте керісінше орысша сөздер қыстырылып жататыны өкінішті.

+0
06 маусым 2013, 22:15

қалай болар екен::??

+0
07 маусым 2013, 22:07

өте талантты актриса, тележурналист... қадамы өрге жүзе берсін... ал киноны тағатсыздана күтеміз... =)

+0
09 маусым 2013, 18:21

Комедия диді ғо,оооо,онда көру керек :mrgreen:

+0
10 маусым 2013, 02:21

Orazbaev pen Uzakbaev bir adam ba?

+0
10 маусым 2013, 14:39

Аха, Оразбаев та, Ұзақбаев та жалғыз сол ҰЗАБАЕВ қо :)

+0
26 маусым 2013, 18:26

Троктаристин Махаббаты! Кызык кино сиякты!!! Жалпы Баян Есентаева унайды, онын арбир берген сухбаттарын жибермей караймын!!! Тек алга!!! Биктерден корине берсин!!!

+0
22 шілде 2013, 22:27

қызық деп үміттенем

+0
26 қыркүйек 2013, 01:53

осы сериялды сиздер шемалган жактагы саймасай ауылында тусирдиниздер ма?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...