Нұрлан Сабуровтың әйелі немен айналысады?

Нұрлан Сабуровтың әйелі немен айналысады?
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабуровтың әлем бойынша тыңдармандары мен көрермендері аз емес. Оларға әртістің жеке өмірі де қызық. Ендеше, оның әйелі Диана Сабурова туралы не белгілі?

Диана 1991 жылы 30 сәуірде Екатеринбургте дүниеге келген. Оның Эвелина есімді сіңлісі бар. Қыздардың әкесінің ұлты - қазақ, ал анасы - орыс.

Нұрлан мен Диана университет кезінде танысқан. Әзілкеш Екатеринбургте мектепті тәмамдап, Орал федерал университетіне дене шынықтыру факультетіне түскен, жары Диана да сол мамандықты таңдаған. Бірге алғаш рет 2005 жылы суретке түскен. Бірақ қарым-қатынастары араға 7 жыл салып, 2012 жылы басталған. Әзілкеш Диананың жүкті екенін дәрісте отырғанда білген. Қыз мұны SMS арқылы хабарлаған.

"Отбасымды асырау үшін оқуымды тастап, әзілмен айналысуға тура келді. Кештерде, жергілікті барларда өнер көрсеттім, жүк тиеуші, бариста болып жұмыс істедім. Тойымызды кейін жасадық, көйлек Диананың ішін жасыру үшін таңдалды. Сол кезде Диананың жүкті болғанына 6 ай еді", - деді Сабуров Дудьке берген сұхбатында.

Диана жолдасының барлық ісін қолдайды және өзі де дамуын тоқтатпайды. Диана Сабурова - табысты блогер. Ол 2019 жылдан бастап оқырмандарына қызықты контент ұсынып отырады. Сондай-ақ ол рецепттерімен бөлісіп тұрады. Диана 2018 жылы Юлия Высоцкаяның аспаздық студиясынан білім алып, кәсіби түрде тамақ пісіруді үйренген. Оның инстаграм парақшасынан жарнамалық посттарды да байқауға болады.

Қазір Мәскеуде тұрып жатқан ерлі-зайыпты Мадина (2012 жылғы) мен Тагир (2018 жылғы) есімді бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Олар әлеуметтік желілерге балаларының суретін жарияламайды.

А. Жапатова