The Spirit of Turkistan фестивалінде Тәжікстан атынан Sitora Nazarova өнер көрсетеді

The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестиваліне 2 күн қалды! Түркі әлемінің рухани орталықтарының бірі — Түркістанда болатын бірегей шоуда Тәжікстан атынан әнші Sitora Nazarova шығады.

Жоба серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Қонақтарды Hampton by Hilton қарсы алады.

Шоу 23 қазанда сағат 18:00-де Karavansaray Turkistan кешенінде өтеді.

Sitora Nazarova — өзіне әртүрлі елдердің мәдениеті мен этникасын үйлестіретін этно-фьюжен стиліндегі шығармаларды орындайтын әнші. Тәжікстанда дүниеге келіп, өмірінің көп бөлігін Қазақстанда өткізген әнші осы екі елдің музыкалық дәстүрлерін бойына сіңірген. Оның репертуарына қазақ халық әндерін, түрлі стиль мен бағыттағы шығармаларды авторлық оқып шығу кіреді. Ол зз шығармашылығында классикалық дәстүрлер мен заманауи этникалық вокалды шебер біріктіреді. Sitora — "Алматы — менің алғашқы махаббатым", "Алтын қала" және басқа да жыл сайын өтететін фестивальдердің тұрақты қатысушысы. Ситора Назаровамен бірге бір сахнада заманауи  және дәстүрлі этникалық музыка жанрының ең жарқын өкілдері шығады: Abbos (Өзбекстан), Gulzada (Қырғыстан), Steppe Sons (Қазақстан), Ashina (Қазақстан) және DJ Edige (Қазақстан).

The spirit of Turkistan - Түркі әлемі мемлекеттерінің бірегей мәдениеттері арасындағы берік тарихи қалыптасқан мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.

Түркістан аспаны астында түркі әлемінің халықтарын, мәдениеттерін, музыкалық дәстүрлерін біріктіретін бірегей музыкалық мерекенің атмосферасын сезініңіз!