"Көзі шығып кетейін деп тұр": Желіде тарап кеткен видеодағы би жайлы не білеміз?

"Көзі шығып кетейін деп тұр": Желіде тарап кеткен видеодағы би жайлы не білеміз?

Әлеуметтік желілерде индонезиялық би билеген қыздардың видеолары тарап кетті. Біреулер олардың қимылдарына таңғалса, басқалары күле қарады. Алайда бұл олардың дәстүрлі биі және олар үшін оның маңызы зор. 

Ұлттық билер азиялық елдердің ерекше дәстүрлері мен жұмбақ мәдениетін жақсы суреттейді. Балида 3 негізгі дәстүрлі би бар: Легонг, Баронг және Кечак. Бүгінгі материалда ең ерекше әрі әдемі легонг биі жайлы айтамыз.

Балидегі қыздар кішкентай кезінен бастап Легонг билеп үйренуді армандайды. Бұл биді билеу нәзіктік, салтанаттылық, сұлулық, жастық және тазалық белгілерін білдіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??? ???? ???? ??????? ????? (@sanggar_taribali_pradnya_swari)

Легонг — жас қыздардың биі, оны қыздарға кішкентай кезінен бастап үйретеді, ал 7-8 жасқа келгенде сахнаға шығарады. Бір қызығы, 13-15 жаста бишілер мансабы аяқталады. Бұл би кішкентай қыздарға ғана тән аса иілгіштікті қажет етеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??? ???? ???? ??????? ????? (@sanggar_taribali_pradnya_swari)

Жасқа қойылатын талап сондай-ақ сюжетке де, дәстүрге де байланысты. Легонг — жас діни нимфалардың биі. Қыздар түрлі өрнектермен безендірілген жібектен тігілген киім киеді. Бастарына тастары бар диадемалар тағады және беттеріне балаларға тән емес өте ашық макияж жасатады. Бали би мәдениетінде легонгтің шамамен он бес сюжеті бар. Бірі ежелгі үнді кезеңінің сюжеттеріне негізделсе, басқалары Бали аңыздарына арналған. Легонгта бұл жақтағы басқа дәстүрлі билердегідей сюжет маңызды рөл атқарады. Бұл би — индонезиялық мәдениеттің құндылығы.

Балиде биге деген қатынастары ерекше. Туристер оған өнердің бір түрі ретінде қараса, балиліктер үшін би діни ритуалдың бөлігі саналады. Сондықтан да храмдағы кез келген рәсім бимен басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ni Kadek Astini (@adek_astini)

Би өте қиын. Ол әр қозғалыстың дәлдігін қажет етеді: олар қол, аяқ, бас, бел, көз және тіпті, кірпікті қозғайды. Көздің өзін арнайы жаттықтырады. Оған қоса, бұл қозғалыстардың бәрі музыкамен үйлесімді болуы керек. Биге веерлер мен ленталар да қолданылады.

@pirategucci Replying to @katyyyyaaa.aa #каждыйчеловек #человек #trending #trend #fyp #foryoupage ♬ Ummet Ozcan Xanadu - Ummet Ozcan

Көпшілікті желіде тараған бұл видеолардағы қыздардың көз қимылыстары мен мимикалары таңғалдырды. Оларға әзіл түсіріп үлгергендер де бар.

А. Жапатова