Луврда жас жігіт "Мона Лизаға" торт лақтырды

Луврда жас жігіт "Мона Лизаға" торт лақтырды

Жас жігіт мүгедектер арбасындағы егде әйелдің кейпіне еніп, Луврға келушілермен бірге мұражай ішіне кірген. Мона Лизаның алдына келгенде ол кенет орнынан тұрып, оған торт лақтырған. Бар әлемді дүрліктірген оқиға жексенбі күні болған.

Күзетшілер вандалды бірден мұражайдан шығарып жіберді, ал музей қызметкерлері картина бетіне жағылған тортты тазалап жатқан видео әлеуметтік желілерде тез-ақ таралып кетті. Жұмыстың өзі зақымдалған жоқ, себебі кенеп әйнекпен қорғалған.

Басылымдар бұл өнер жауһарын бүлдіруге тырысқан алғашқы адам  емес екенін атап өтті. 1950 жылы біреу оған күкірт қышқылын құйған, оған тас лақтырған боливиялық студент те болған. 2009 жылдың жазында ресейлік турист оған бір шыны шай лақтырып жіберген.

А. Оралқызы