Time журналы жылдың ең ықпалды адамын анықтады: Ол ковидпен күресушілер емес

Time журналы жылдың ең ықпалды адамын анықтады: Ол ковидпен күресушілер емес

Time журналы оқырмандарының "2021 жылдың ең ықпалды адамы" атағына үміткерлерге берген дауыстарын қорытындылады. Бритни Спирс бірінші орынды иеленді. Әнші 1,8 миллион дауыстың 4 пайызын жинады.

Бритни Спирстан кейінгі орынға денсаулық сақтау саласының қызметкерлері орналасқан. Оларға Time оқырмандарының 3,1 пайызы дауыс берді. Рейтингтегі үшінші сатыны 2,5% дауыс жинаған COVID-19 вакцинасын жасаушылар орналасты. Олармен бірге алғашқы бестікте K-pop бағытында ән орындайтын BTS тобы мен гимнастика тарихының ең танымал тұлғасы Саймон Билес болды.

Еске сала кетейік, Бритни Спирс соңғы 13 жыл ішінде өзінің қаржысын, жеке өмірі мен әлеуметтік ортасын қатаң бақылап келген әкесінің қамқорлығынан құтылды. Бұл шешімді сот 2021 жылдың тамызында бекітті.

Журнал редакторлары  жылдың ең ықпалды 100 адамының тізімін бүгін жариялайды.

А. Оралқызы