Кар Вайдың ең атақты фильміне енбей қалған кадрлар бәссаудаға қойылады

Кар Вайдың ең атақты фильміне енбей қалған кадрлар бәссаудаға қойылады

Гонконгтық кинорежиссер Вонг Кар Вай Sotheby's бәссауда үйінде «Махаббатқа құмарту» атты атақты фильмінің жарияланбаған кадрларын аукционға қояды. 

Кинорежиссер түсірілімнің бірінші күнінен толықметрге енбей қалған 91 секундтық бейнебаянды сатылымға шығарды. Оған 2000 жылы Канн кинофестивалінде алғаш рет көрсетілген фильмге қатысты естеліктер қосылады.

«Әр фильмнің бірінші күні сіздің арманыңыз болған арумен алғашқы кездесу сияқты  қорқыныш пен толқуға толы болады» - дейді режиссер.

Бұл лоттан басқа, аукционда актер Лесли Чун 1990 жылы «Жабайы күндер» фильмінде киген сары күрте мен тағы 30 коллекциялық бұйым болады. Олардың әрқайсысы Кар Вайдың Jet Tone Films компаниясының 30 жылдық тарихынан сыр шертеді.

Аукцион 2021 жылдың қазанында Гонконгта Modern Art Evening шарасында өтеді. Вонг Карвай лоттарының бастапқы бағасы қанша екені әлі жарияланған жоқ.

А. Оралқызы