Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері жарияланды

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Сондай-ақ алғашқы эскиз үлгілері жарияланды. 

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алғашқы экскиздерде композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта "Кері байланыс" арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда Батырхан Шүкенов көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді.