Әлем мәдениетін жинаған – Метрополитен

Әлем мәдениетін жинаған – Метрополитен
Фото: massaget.kz

Әлем бойынша келушілері көп төртінші музей Нью-Йоркта орналасқан. Метрополитен атындағы өнер музейі 1872 жылы ашылған. 2013 жылға дейін келушілерге билет орнына арнайы төсбелгі берілетін еді. Осы ерекшелігімен де өзге музейлерден дараланатын. Кейін төсбелгіні жапсырмалы қағаздар алмастырған.

Нью-Йоркқа сапарымыздың тарихи бөлімі осы жерден басталды.

Бірінші қабат ежелгі халықтардың тарихына арналған. Алғашқы бөлімде Мысыр мәдениетімен таныстық.

Мысырлықтар бұйымын сол кезде еңбек етуге, күн көруге қолданса, бүгін басқа мақсатта пайдаланып жүрміз. Мәселен, құмыралар су тасу үшін пайдаланылса, қазір оларға гүл салынады.

Мына әшекейлер де қазір өзектілігін жоймаған.

Суреттегі 3 әшекей Тутмос ІІІ-нің кәмілетке толмаған әйелдерінің қабірінен табылған. Ал суреттің төмен жағындағы екі білезікті перғауын өзі қалаған құлына сыйлаған екен.

Ал мына бұйым өзгелерге қарағанда тіпті қызық. Тутанхамонның анасы қайтыс болғанда саусағы мен башпайларына осындай алтыннан жасалған оймақ тәрізді бұйымдарды кигізген. Алтын аяқ киімді де осы рәсімнің ізімен кигізген екен. Бұл рәсім патшалық отбасыға ғана тән.

Музейде ағаштан, тастан жасалған мүсіндерді де кезіктіруге болады.

Сол кезеңдегі мүсінші жылнамашы қызметін де атқарған секілді, тыныс-тіршілігін, заңдылықтары мен оқиғаларын осындай мүсіндер арқылы білуге болады. Мысалы, мына мүсін мысырлықтардың құл ұстағаны туралы дәлел.

Бұл – Мысыр әйелінің күнделікті тұрмысын баяндайтын образ болса керек.

Мынадай қабірлерді көріп, өне бойымыз мұздап кеткені рас.

Ал бұл заттар сол дәуірдің белгісіндей боп сақталған екен.

Мысыр және Батыс мәдениетінің ортасында дәл осындай үлкен зал бар. Мұнда Ежелгі мысырлықтардың қақпасы да сақталған. Ішіне кіріп, тамашалауға кезекке тұрған келушілер өте көп.

Осымен Мысыр мәдениетіне арналған залға саяхат тәмам. Енді келесі жолы Батыс мәдениеті бөліміне барамыз. Ол жақта да қызықты мәліметтер көп.

P.S. Бұл ескерткіштерден бала Мағжан қорқып қалды. 

Г. Берік