Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Алматыда студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті

Алматыда студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті

Алматыда студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтті

Дүбірлі дода Хәкім Абайдың 175 жылдығы мерейтойына арналды. Мақсат – төл өнерді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен ұйымдастырылған айтыс биыл төртінші мәрте өткізіліп отыр.

"Менің пірім – Сүйінбай" деп аталған республикалық жас ақындар айтысына еліміздің барлық өңірінен 60 астам ақын бағын сынап келді. 60 ақынның сөзін таразылап, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы финалдық бәйгеге "аузымен құс тістеген" 18 ақынды іріктеп шығарды. Ол қазақ өнерінің асыл шыңына айналған айтысқа мемлекет тарапынан қашанда қолдау бар екенін айтады.

Былтыр жас ақындардың өнерін шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универсиетінде "Оразалы Досбосынов" атындағы жас айтыскер ақындардың орталығы ашылған. Бүгінде осы орталық біраз игі істерге ұйытқы болып келеді екен. Соның бірі биылғы 4-рет өткізіліп отырған аламан дода. Биылғы айтыстың тақырыбы – салмақты әрі ауқымы кең. Екі жұп айтыста бір жағынан Сүйінбайдың дәстүрін айтса, екіншіден Абайдың ғұламалық ойларын жырлады.

Айтыс қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келген Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті Аян Ниязбек бас жүлдені қанжығасына байлап, 350 мың теңге сыйақы алды. Енді ол 18 наурыз күні Қызылжарда өтетін республикалық ақындар айтысына қатысады.

0
Рейтинг: +0

Фото: facebook.com
Қосылған күні: 18 ақпан, 16:21

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.