Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Мәңгілік махаббат: Биркин Генсбур туралы естеліктер кітабын шығарды

Мәңгілік махаббат: Биркин Генсбур туралы естеліктер кітабын шығарды

Мәңгілік махаббат: Биркин Генсбур туралы естеліктер кітабын шығарды

Джейн Биркин – ұлты ағылшын болса да, француз сән әлемінде төңкеріс жасаған тұлға. Ал оның мәңгілік махаббаты Серж Генсбур – аты аңызға айналған ақын, композитор, кинорежиссер әрі продюсер.

Сән иконасы "Маймылдың күнделігі" аталатын естеліктер кітабын 1957 жылғы оқиғалардан бастайды. Дәл осы жылы Джон Леннон мен Пол Маккартни танысып, кейін атақты болатын "Битлзға" дейінгі The Quarrymen тобын құрған еді. Ал Джейн болса, ол кезде бар болғаны 11 жасқа аяқ басқан.

Күнделік жазу сол шақтан басталған-ды. Өзге ешкімге айта алмайтын сырларын ол өзі Манки атаған маймыл ойыншығына шертетін. Оны ағасы ауылдағы жәрмеңке кезінде ұтып алып, бұған сыйға тартқан еді.

Аталған кітапта Биркин балалық шағы, мектебі мен жасөспірім дәурені туралы, қала берді сезімдері мен алғашқы махаббаты туралы жазады. Құрдастарынан ерте есейген елгезек қыз Джон Барри есімді композиторға тұрмысқа шығады. Ол қатардағы өнерпаз емес, Джеймс Бонд туралы фильмдерге музыка жазатын.

"Оның көк көздерінің мөлдірлігі сонша, қос жанарына үңілген сайын аспанға қарағандай күй кешетінмін ", - деп жазды ол бірінші жолдасы туралы. Дәл сол өзін ғашық еткен көздер кейін оны суық ызғарымен қарып, жүрегін жаралайды.

Бір қызымен ажырасып келген жас келіншекті көргендер "Өзі бала, құшағындағысын қалай асырайды?" дейтін. Джейнді сынағандар кейін оның киноға түсерін, дебютінен-ақ Антониони камерасына ілігерін білмеді.

Кейін Сержды жолықтырды. Бұл оның өмірін мәңгілікке өзгертті: "Ол біртүрлі, бірақ сонда да сүйемін. Ол ешкімге ұқсамайды, сайтан мен періште бір өзінде тоғысқандай", -деп жазды Джейн ол туралы.

Екеуі бір-бірінің әр сәтіне мән сыйлады. Шексіз бақытты еді.

"Мен оны жоғалтып, қайғы шыңырауына құлаудан қорықтым. Бұл нағыз махаббат болатын"
Биркин

Екеуі ренжіскен кездерде өнер адамдарына тән драматизмсіз табыспайтын. Бір күні Джейн Серждің ашуын басу үшін Сенаға секіреді. Сүйгені кешіруін кешіргенімен, үстіндегі Сен-Лоран жейдесі малмандай су болып, сәбидің киіміндей кішірейіп қалады. Оған екеуі шек сілесі қата күледі. Жейденің этикеткасындағы "Құрғақ күйінде тазалау" деген сөйлемнің жай ескертпе емес екенін ол сол кезде білген. Сол күні олар қол ұстасып Вернёй көшесін бойлай қыдырған еді.

"Бақытты болғаныңды, ол шақ өткеннен кейін ғана түсінесің",- дейді Джейн: - "Уақыт өте тек шынайы сезімдер ғана сақталады. Маңызсыз дүниелер сұрғылт тартып, жоқ болады".

1991 жылы Серж Генсбурды жерлеген кезде Биркин Манкиді ғашығымен бірге көмген: "Менің ойыншығым оны ана әлемде фараонды қорғағандай қорғаса дедім", - дейді әлі есеймеген Джейн. Бұл оның мәңгілік махаббатының белгісі еді. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 13 ақпан, 16:31

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.