Instagram қолданушылардың жас аралығын шектемек

Instagram қолданушылардың жас аралығын шектемек
Фото: www.buro247.ua

Instagram компаниясы қауіпсіздік мақсатында жаңа ереже енгізді. Әлеуметтік желі өкілдері оған тіркелетін адамдарды жасына қарай шектейтінін хабарлады.

Ендігіде жасы 13-ке толмағандар Instagram парақша жүргізе алмайды. Тіркелген кезде анкетада туған күні мен жылын көрсетуі сұралады, регистрация фейсбук арқылы жүргізілсе, аталған желі қолданушы туралы ақпаратты сол жерден алады.

Бұған қоса, контент те адамның жасына қарай қадағаланады. 13 жастан асқан балалардың лентасына оның жасына сай келмейтін жарнамалық роликтер шықпайды.

А. Оралқызы