Айсұлтан Сейітов Нұрлан Сабуровтың видеосын қалай түсіргенін көрсетті

Айсұлтан Сейітов Нұрлан Сабуровтың видеосын қалай түсіргенін көрсетті
Фото: vk.com

"Танымал қазақ клипмейкер Айсұлтан Сейітов стендап-комик Нұрлан Сабуровтың ерекше видеосын түсіру барысынан бекстейдж көрсетті" - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қысқа видеоны Сейітов өзінің Instagram парақшасына жариялаған. Видео үзінділерде түсірілім тобының кадрдан тыс жұмысы көрсетілген. Мысалы, видеолардың бірінен түсірілім реквизитін дайындау үдерісін тамашалауға болады.

Екіншісінде Нұрлан Сабуровтың "гравитациясының" құпиялары әшкере болады.

Бұл видео – ТМД елдерінде аса танымал қазақ стендаппер Нұрлан Сабуровтың 2020 жылға жоспарланған турының анонсы.

А. Оралқызы