Айсұлтан Сейітов Nike компаниясының жарнамасын түсірді

Айсұлтан Сейітов Nike компаниясының жарнамасын түсірді

Әлемдік деңгейдегі әншілерге сапалы клип түсірумен танылған қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов танымал Nike компаниясының жарнамасын түсірді.

Ролик танымал баскетболшылар ойнайтын ең ықпалды Drew лигасына арналған. Лос-Анджелестегі Чарльз Дрю баскетбол мектебінің құрметіне Drew League деп аталған. Бұл лиганың алғашқы матчы 1974 жылы өтті. Лиганың басты мақсаты – кәсіпқой, студенттік не мектеп баскетболында жетістікке жеткен спортшыларды аз уақытқа болсын үйлеріне оралып, жастармен араластыру. 1985 жылы лигадағы командалардың саны 10-ға жетсе, қазіргі уақытта 28 ұжым өнер көрсетеді. Бір ерекшелігі барлық командалар тек шақырту арқылы келіп жүр.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aisultan (@aisultan)19 Авг 2019 в 9:33 PDT

Nike бренді Drew лигасының техникалық демеушісі әрі жарнама жасауға көмек көрсетеді. Осы бағытта Nike & Drew League бірлескен “Sport changes everything” ұранымен көрерменге жол тартатын жарнамалық роликті Айсұлтан Сейітов пен Марат Шаяхметов түсірді.

Бұған дейін Айсұлтан Сейітов түсірген 21 Savage бен J. Cole лақап атымен танымал әнші-орындаушылардың бейнебаяны MTV Video Music Awards-қа ұсынылған болатын. A Lot әніне түсірілген бейнебаян "Жылдың үздік видеосы" номинациясына үмітті. Оған Билли Айлиштің Bad Guy, Ариана Гранденің Thank u, next, Jonas Brothers -тің Sucker, Lil Nas X пен Билли Рэй Сайрустың Old Town Road, Тейлор Свифттің You Need to Calm Down әндеріне түсірілген клиптері бәсекелес болады. MTV Video Music Awards 2019 марапаттау рәсімі 26 тамызға белгіленген.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Бала бақшаны қалай дұрыс таңдау керек? i-balaqai жобасында − Лейла Күленова
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін