MTV Video Music Awards: Айсұлтан Сейітов түсірген бейнебаян шорт-листке ілікті

MTV Video Music Awards: Айсұлтан Сейітов түсірген бейнебаян шорт-листке ілікті
Фото: brod.kz

Америкалық 21 Savage бен J. Cole лақап атымен танымал әнші-орындаушылардың бейнебаяны  MTV Video Music Awards-қа ұсынылды. Бейнебаянды Айсұлтан Сейітов түсірген.

A Lot әніне түсірілген бейнебаян "Жылдың үздік видеосы" номинациясына үмітті. Оған Билли Айлиштің Bad Guy, Ариана Гранденің Thank u, next, Jonas Brothers -тің Sucker, Lil Nas X пен Билли Рэй Сайрустың Old Town Road, Тейлор Свифттің You Need to Calm Down әндеріне түсірілген клиптері бәсекелес болады. MTV Video Music Awards 2019 марапаттау рәсімі 26 тамызға белгіленген.

А. Оралқызы