Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Елбасының жарлығымен биылғы жылғы Қазақстан Республикасы Мемлекет сыйлығының иегерлері анықталды. 

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиисияның ұстанымдарын ҚАРАП ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовке – «Алқоңыр дүние» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; 
2. Авторлар ұжымына: Төлеубек Нығметұлы Әлпиевке, Алаң Асқарұлы Бөрібаевқа, Сүндет Әбдірахманұлы Байғожинге, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына қатысушыларға – «Абай» операсы (Л.Хамиди, А.Жұбанов) үшін; 
3. Авторлар ұжымына: Ақан Қарғамбайұлы Сатаевқа, Әлия Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға, Тимур Қазыбекұлы Жақсылықовқа, Алтынай Бауыржанқызы Нөгербекке, Әділ Ералыұлы Ахметовке – «Анаға апарар жол» толықметрлі көркем фильмі үшін; 
4. Ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы Бақтыгерееваға – «Ана сыры» өлеңдер мен балладалар жинағы үшін; 
5. Ақын Өтеген Оралбайұлы Оралбаевқа – «Шуақты шақ» жыр жинағы үшін берілсін. 

ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ