Тұтастай гауһар жүзік жасалды

Тұтастай гауһар жүзік жасалды
Фото: vk.com

Apple компаниясының дизайнері Джони Айв тұтастай гауһар жүзік жасап шығарды.

Айфон, айпэд пен макбуктардың көркемдігіне жауапты қызметкер Марк Ньюсон есімді өндірістік дизайнермен бірлескен жұмысын ұсынды.

Сақина цилиндр әдісі арқылы гауһар тастан кесіледі, оның ішіне лазер сәулесімен безендірілген өте жұқа су ағыны қолданылады. Әшекей мыңдаған қырлы болады.

Сақинаның құны шамамен 150-200 мың АҚШ долларын құрайды. Ақша қайырымдылыққа жұмсалады деп жоспарланып отыр. Бәссауда желтоқсанның 5 жұлдызы Майамиде өтеді.

А. Оралқызы