Атақты суретші түсірген 130 мың фотосурет интернетке жүктеледі

Атақты суретші түсірген 130 мың фотосурет  интернетке жүктеледі
Фото: vk.com

Энди Уорхол Қоры өнерсүйер қауым назарына бұрын-соңды жарияланбаған 130 мың  тың фотосуреттер ұсынғалы отыр.

Contact Warhol Project жобасына Стэнфорд университеті де ат салысады. Өздеріңіз байқағандай, оларды атақты суретші Энди Уорхолдың өзі түсірген. Көзі тірісінде фотосуреттердің тек 17 %-ын шығарып үлгерген екен. 

Жалпы, архив 1976 және 1987 жылдар аралығын қамтиды. Онда көбіне 1980 жылдардағы нью-йорктік өмір бейнеленген. Уорхол нысаны болғандар қатарында жазушы Труман Капоте, суретші Жан-Мишель Баския, The Beatles құрамындағы Джон Леннон, әнші Дебби Харри, поп-король Майкл Джексон, актриса Лайза Миннелли және өзгелер бар. 

Көрме қараша айында өткізіліп болған соң, жыл аяғында интернетке жүктелген суреттерді тамашалау мүмкіндігі туады.

А. Оралқызы