"Ұлы Дүние" I Халықаралық ерекше театрлар фестивалі

"Ұлы Дүние" I Халықаралық ерекше театрлар фестивалі
Фото: vk.com

4-6 шілде күндері Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және «ActivLife» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 4-6 шілде аралығында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына арналған «WideWorld» - «Ұлы Дүние» І халықаралық ерекше театрлар фестивалі өтеді.

Аталған іс-шараға Ресейдің Мәскеу қаласынан «Недослов» театры, Санкт-Петербург қаласынан «Санкт-Петербург» саңыраулар театры және Украинаның Киев қаласынан саңыраулар қоғамы өнер орталығының «Радуга» ым-ишарат театры өз қойылымдарын көрсетеді.

«WideWorld» - «Ұлы Дүние» I Халықаралық ерекше театрлар фестивалінің БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 4 шілде күні 17.30-да  Оқушылар сарайының «Конференц залында» ұйымдастырылады. 

Фестивальдің ашылу салтанатында Қазақстанда тұңғыш рет құрылып отырған «ActivLife» саңыраулар театры көрерменге «Қызыл алма» қойылымын тарту ететін болады. Ым-ишарат, пластикалық қойылым, би өнері арқылы көрсетілетін бұл театрлардың ерекшелігі сан алуан.

Қойылымдар комедия, драма және трагедия жанрларында ұсынылады.

Халықаралық фестиваль қорытындысы бойынша жеңімпаздарға жүлделі орындар, диплом-алғысхаттар және бағалы сыйлықтар табысталады.

А. Оралқызы