«Qazsport» телеарнасына 5 жыл!

«Qazsport» телеарнасына 5 жыл!
Фото: vk.com

Осыдан 5 жыл бұрын Елбасымыздың қолдауымен тұңғыш спорттық «Qazsport» телеарнасы хабар тарата бастады.        

2013 – 2018 жылдар аралығында  хабар тарату көлемі 34 000  сағатты құрады, ал оның 1\4 бөлігі тікелей эфирде жүрді. 5 жылда спорттық телеарна көптеген трансляцияларды жүзеге асырды, атап өтсек:  3 Олимпиада, 3 Паралимпиада, 6 Универсиада, 2 жасөспірімдерге арналған Олимпиада, 2 Азиада, 2 әлем чемпионатын және футболдан әлем чемпионатын. Сондай-ақ, шетелдегі ауқымды спорттық оқиғалар Қазақстан аумағында көрсетіліп келді. Олардың арасында – спорттың 20 түрінен әлем чемпионаттары (в т.ч., бокс, дзюдо, ауыр және жеңіл атлетика, велоспорт және т.б) футболдан Германия чемпионаты (Бундеслига), Англияның  Премьер-лигасы, Испания чемпионаты (La Liga), Чемпиондар лигасы мен УЕФА, сондай-ақ, «Astana Pro Team» - «Джиро Д.Италия», «Тур де Франс» и «Вуэльта», «Ролан Гаррос», «Дэвис кубогы», Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Фируза Шарипова, Бейбіт Шуменов және де басқа да боксшыларымыздың қатысуымен өтетін  кәсіби бокс жекпе-жектері тұрақты түрде көрсетіліп келеді.  

«Qazsport» телеарнасы 5 жылда бірқатар жобаларды жүзеге асырып келді, олардың арасында:  Сіз қайда жүрсіз?» , «Спорттық аймақ», «Жеңіс сарайы», «Көкпар»,  «SPORT.KZ» «Qazsport» қонағы , «Превью к …», «Шахмат әлемі»,«Жұлдызды жаттығулар»,  «Тоғызқұмалақ», «Спорт әліппесі», «Командамның тарихы» , "Жігер жеңісі" және т.б тележобалар.   Сондай-ақ,  Тимур Сегізбаев жайлы "Аңыз адам"«Біздің Киманелли», «Кәсіпқой комментатор. Рабат Жәнібеков», «Жолбарыстың тағдыры—бейтаныс Жиров», «Сейдахмет Бердіқұлов. Қазақ спорт журналистикасының атасы», «ТАУ ТҰЛҒАЛЫ ЕР ДӘУЛЕТ» және т.б деректі фильмдер жарық көрді.  Жалпы айтқанда,  5 жыл аралығында 30-дан астам тележобалар мен 70-тен астам деректі фильмдер эфирге шықты.  Телеарна «Ұлы дала ойындары», «Аламан бәйге», «Алтын жебе», «Алтын тұлпар» атты  қазақ күресі, көкпар, жамбы ату сияқты қазақтың ұлттық ойындарын насихаттап, көрермендеріне кеңінен ұсынуда.

Осы жылдың күзінде «Qazaqstan FIGHTER» атты көп бөлімді телевизиялық реалити-шоу көрерменге жол тартатын болады. Бұл жобада жас спортшылар «Аралас жекпе-жектен Қазақстанның ең мықты спортшысы»  атағы үшін сынға түсетін болады. Жобаның әділқазылар құрамына:  Жақсылық Үшкемпіров,  Ермахан Ыбраимов,  Ардақ Назаров, Юрий Мельниченко, Бейбіт Шуменов, Данияр Қасқарауов,  Сағындық Мекеев  секілді танымал спортшылар, олимпиада чемпиондары,  түрлі спорт ұйымдарының жетекшілері кіретін болады.  Жобаның мақсаты – спорт пен бәсекелестік рухты, салауатты өмір салтын дамытумен қатар, MMA кәсіби спорт түрін кеңінен насихаттау. Еліміздегі жаңа таланттардың есімдерін анықтап, отандастарымыздың спортта жеткен жетістіктері арқылы патриоттық сезімді дамыту.

А. Оралқызы