Forbes: Ең бай танымал адамдар – 2017

Forbes: Ең бай танымал адамдар – 2017
Фото: vk.com

Атақты Forbes журналы жылды әдеттегідей түрлі саладағы үздік адамдар тізімін жасаумен аяқтайды. Ең бай танымал адамдар – 2017 тізімі арнайы бекітілген бір ғана саламен шектелмеген жалпылама рейтинг саналады. Биылғы тізімді $ 5,5 миллиард кірісімен режиссер Джордж Лукас бастап тұр.

Одан кейінгі сатыларда режиссер Стивен Спилберг ($ 3,6 миллиард) пен тележүргізуші Опра Уинфри ($ 2,8 миллиард) тұрақтаған.

Бұл рейтингке жоғарыдағылармен қатар, экс-баскетболист Майкл Джордан ($ 1,4 миллиард), иллюзионист Дэвид Копперфильд ($ 875 миллион), рэпер Пафф Дэдди ($ 820 миллион) мен Jay-Z ($ 810 миллион) және Dr.Dre ($ 740 миллион) енді.

Ондықты детектив романдар авторы Джеймс Паттерсон ($ 730 миллион) қорытындылады.

А. Оралқызы