Эйнштейннің «бақыт рецептісі»

Эйнштейннің «бақыт рецептісі»
Фото: vk.com

Альберт Эйнштейннің қонақүйдегі шабарманға жазып қалдырған кішкене қағазы бәссаудада $1,56 миллионға өтті.

Оқиға 1922 жылы Эйнштейн Жапония астанасына лекция оқуға барғанда болған. 95 жыл бұрын Эйнштейннің Imperial Hotel Tokyo қонақүйіндегі шабарманға беретін тиын-тебені болмай қалады. Содан ол қызметкерге шайпұл (қызметі үшін беретін үстеме ақша) орнына бірқатар кеңестер жазылған парақша ұсынады.

Imperial Hotel Tokyo қонақүйінің бланкінде былай жазылған: «Тыныш әрі қарапайым өмір саған жетістікке деген талпыныстан гөрі әлдеқайда көбірек бақыт сыйлайды». Осы «бақыт рецептісі» жазылған қағазды ұсынып тұрып, оны сақтап қоюға кеңес береді. Нобель лауреаты оның құндылығы уақыт өткен сайын артады деген сенімде болды және қателеспеді.

Winner’s бәссауда үйінде бұл лотты беймәлім адам $1,56 миллионға сатып алды.

А. Оралқызы