Ел аузындағы ет жемейтін жұлдыздар

Ел аузындағы ет жемейтін жұлдыздар
Фото: Filmix.Net

Кейде адам баласына ет жемей жүру мүмкін еместей көрінеді. Күнделікті қорегі ретінде тұтынып, мол күшті осы бір астан алатын болғандықтан тез арада бас тарту да мүмкін емес. Алайда, көп мөлшерде пайдаланылған қуатты ас түрлі аурулардың да негізгі факторы болып келеді. Қазіргі таңда көпшіліктің көзайымына айналып, келбетімен талайды таңдандырып жүрген әлемдік жұлдыздар жетерлік, Солардың арасында да вегетариандар кездеседі екен. Олар аз болғанымен мыңдаған адамның тамақтану процесінің жақсару символына айналып отыр. 

Кәсіпқой бокста атағы әлемді дүр сілкіндіретін америкалық боксшы Майк Тайсон, вегетарианшылардың алдыңғы қатарынан орын алған. Бокс мансабында көптеген құйтырқы әрекеттерімен қоса зілді соққысымен танымалдылыққа ие болған спортшы өз мансабында талай еттің дәмін көрген. Алайда, 4 жасар қызы Эксодус Тайсонның өмірден өтуімен боксшының өмірі түбегейлі өзгерге. Ислам дінін қабылдап, етті тағамдардан басын аулақ ұстауға тырысқан Майк көп ұзамай өзіндегі түрлі аурулардан айығып кеткен. Көкөніс пен жеміс-жидектермен қоректенетін боксшының қазіргі жағдайы жақсы. Біраз артық салмақтан арылып, физикалық дене мүшелерін реттеп алған.

Шығыс жекпе-жегінің королі саналатын Брюс Ли ет жемей-ақ едәуір күшке ие болуды дәледеп кетті. Оның жылдамдығы мен жойқын соққылары қарсыласына дөп тиіп қана қоймай, есінен тандырып тастаған. Оның айтуынша көкөністер мен жеміс-жидектерден алынған белоктар жануарлардың етінен алынатын күштен кем емес.

Көптен күткен Оскар сыйлығын алған Леонарда Ди Каприо да вегетариандар қатарынан. Табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығына қатты мән беретін актер, күшті тамақты жеуді Гвинт Пэлтроудың ет туралы айтқан әңгімелерінен кейін доғарған. 

B. ZHAQSYMBET