Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Қазақстандық әзілкеш StandUp шоуының резиденті болды

Қазақстандық әзілкеш StandUp шоуының резиденті болды

Қазақстандық әзілкеш StandUp шоуының резиденті болды

Қазақстандық комик Нұрлан Сабыров ресейлік ТНТ телеарнасындағы StandUp шоуының резиденті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, StandUp шоуы ресейлік телевизияға 2013 жылы шықты. "Стендап" жанры бойынша комиктер көпшілік түсіне алатын мәселелерді айтып беруі тиіс. Барлық әңгіменің шынайы өмірмен  байланысы болуы керек. Шоудың тұрақты қатысушыларының құрамында КВН-нің бұрынғы ойыншылары мен Comedy Club-тың резиденттері: Юлия Ахмедова, Руслан Белый, Тимур Каргинов, Александр Шаляпин, Дмитрий Романов пен Слава Комиссаренко бар.

23 жастағы Нұрлан Сабыров ТНТ шоуына "Ашық микрофон" айдарының арқасында түскен, ол шақыртылған қонақ ретінде өнер көрсетті. Енді ол шоудың толыққанды резиденті атанды, тіпті Ресейдің бірнеше қаласында өнер көрсетіп те үлгерді. Қазақстандық әзілкештің ерекшелігі оның ерекше мимикасында, ол салмақты кейіпте қалжың айта біледі. Оның Қазақстан туралы, өзінің туған қаласы мен отбасы, әйелдер туралы айтқан қалжыңдары көрерменнің көңілінен шықты.

Нұрлан Сабыров – Қазақстан азаматы, бірақ қазір Екатеринбургтегі Орал Федералдық университетінде "Жастармен жұмысты ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алып жатыр. Ол мектеп жасынан бастап Қарағандының КВН құрама командасында өнер көрсетті, кейін Көкшетауға ауысты. 

сурет: tengrinews.kz

Қосылған күні: 31 наурыз 2015, 19:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.