- Негізгі бет
- LifeStyle
- Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш...
Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш туралы: Кезінде үлкен болып мен қоймадым, кіші болып ол қоймады
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрбол Шараповпен татуласқанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұған дейін әзілкеш бөліскен видеоны өз парақшасына жүктеді.
"Кезінде үлкен болып мен қоймадым, кіші болып ол қоймады. Уақыт, жағдай есейтті. Победило уважение", - деп жазды Сұлтанқызы.
"Бәрекелді! Өзіміз аз қазақ... Қамшының сабындай қысқа өмірде тату болайық", "Публично араздасқанды талай көріп жүрміз. Ал осылай публично достасқанды екінің бірі сала алмайды. Тіпті артынан барып достасса да. Ал негізінен қандай үлгі, даналық "бәрі де қателеседі, бәріміз де пендеміз, бәрі де өткінші, бәрі де жақсы болады" деген үміт сыйлайды екен. Бәрекелді!", "Негізі Нұрболхан жақсы жігіт ,әзілкеш жігіт тем более кекшіл бала емес екеніне сеніп едім , керемет Ләйлә ханым алтын адамғой" деп жазды тележүргізушінің оқырмандары.
Еске салайық, бұған дейін Нұрболхан Шарапов көпшіліктің көзінше Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрап, кейін достасқандарын айтып еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан