"Хайп болды ма?". Бір кездері соттасқан Нұрболхан Шарапов пен Ләйлә Сұлтанқызы татуласқандарын айтты

"Хайп болды ма?". Бір кездері соттасқан Нұрболхан Шарапов пен Ләйлә Сұлтанқызы татуласқандарын айтты
Фото: фотоколлаж

Әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы достасқандарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрболхан Шарапов көпшіліктің көзінше Ләйлә Сұлтанқызынан кешірім сұрады.

"2019 жылдан бері 4 жыл өтіп кетті. "Не болды?", "Сендердікі хайп болды ма?", "Шынымен достастыңдар ма?" деген сұрақтарды бүгінге дейін қоятындар бар. Барлығы өткінші, өтеді де кетеді. Қанша дегенмен, көрісіп, білісіп жүрген жанбыз. Сол себепті соңына дейін тырысып жүргеніміз жарамас. Көрерменнің, сіздің және менің оқырманымның алдында сізден кешірім сұрайын деп тұрмын. Кіші болып қоя салуыма болар еді. Бірақ сол кездегі эмоцияның, балалықтың, шалалықтың тірлігі деп білемін. Сізден шын жүректен кешірім сұраймын, егер кешіре алсаңыз. Сәлеміміз түзу болсын. "Әр қазақ менің жалғызым" дегендей, бұдан былай мұндай жағдай қайталанбайды деп ойлаймын", – дейді Нұрболхан Шарапов.

Ләйлә Сұлтанқызы да өз кезегінде үлкендігін көрсетіп, әріптесіне сәттілік тіледі.

"Мен ренжіген жоқпын, ренжімеймін де. Үлкен болып мен қоймадым, кіші болып сен қоймадың. Қазір уақыт өтті, есейдік, ақыл кірді. Сен де кішкентай қыздардың әкесісің, менің де ұлдарым өсіп келе жатыр. Жауапкершілік деген бар. Уақыт, жағдай есейтті. Сыйластық жеңді. Біз Нұрболхан екеуіміз әріптеспіз, ол қазір жоба жүргізіп жүр. Әріптес, әпке ретінде жобаға жоғары рейтинг тілеймін", – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нурболхан Шарапов (@nnurbolkhann)

Желі қолданушылары әзілкеш пен тележүргізушінің бір мәмілеге келіп, татуласқанына риза.

"Бәрекелді! Өзіміз аз қазақ... Қамшының сабындай қысқа өмірде тату болайық", "Не деген мықтылық, Нұрболхан. Жарайсыз", "Кішілік-кісіліктің белгісі", "Жаксы болды қуаныштымын", "Ләйлә ханым, жарайсыз Бұл ең бірінші Сіздің жеңісіңіз", – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, жайдарманшы, әзілкеш Нұрболхан Шарапов Ләйлә Сұлтанқызы мен оның жүргізген бағдарламасын сынға алған еді. Дау халықтың көз алдында өршіп, іс сотқа дейін жетті. Істе әзілкеш жеңіп шықты. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы