- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Күткен жоқпын". Мақпал...
"Күткен жоқпын". Мақпал Исабекова жеке өміріне қатысты жаңалығын бөлісті
Фото:
әлеуметтік желі
Танымал әнші Мақпал Исабекова екінші сәбиін күтіп жүр. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырмандарының бірі одан екінші жүктілікті қалай қабылдағанын сұраған.
"Күткен жоқпын, білген жоқпын. Әрине, балама бауыр керек екенін ойлайтынмын. Өзім де бір балада тоқтайтын ой жоқ болған, бірақ Теодор сәл өссе, ең болмағанда 3-ке келсе деп жүргенмін. Алайда Аллаһ тағаланың бұйрығы біздің пенде жоспардан әлдеқайда мықты ғой. Әрине, қуандым, Аллаға шүкір", - деп жауап берді ол.
Айта кетейік, әншінің Теодор есімді ұлы бар. Ол әлеуметтік желіде баласының бойында 6 ұлттың қаны барын жазған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова