Жаңғақ – ағзаға өте пайдалы өнім. Оны күнде жесе, ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін?
Ағзаны пайдалы заттармен байытады
Жаңғақтар – дәрумендер, микроэлементтер және қоректік заттардың көзі. Олардың құрамында калий, кальций, магний, темір, фосфор және басқа да минералдар бар. Олар жасұнықтарға, A, B, C, D және E дәрумендеріне бай.
Сыртқы келбетті жақсартады және жасартады
Күнделікті жаңғақтар жеу жастықты ұзартады. Мысалы, пістеде Е дәрумені мен антикосиданттар көп. Ал олар жасартушы әсерге ие. Бадам жаңғағында тері, тырнақ және тіс саулығына қажет В3 дәрумені бар.
Ми жұмысын жақсартады
Жаңғақтар омега-3 майлы қышқылдарына бай. Ол ми, көз, буындарға пайдалы және арықтауға көмектеседі.
Иммунитетті арттырады
Орман жаңғағы қанда холестерин жиналуына кедергі келтіреді, ал бадам көруді жақсартады және ішкі органдарды тазартады. Жаңғақтар сондай-ақ ерлер мен әйелдердің жыныстық жүйелеріне жағымды әсер етеді.
Күйзелісті түсіреді
Жаңғақтар жүйке жүйесіне жағымды әсер етеді. Себебі олар сергітуші әсерге ие. Сондықтан оларды созылмалы шаршаңқылық, күйзеліс және депрессия кезінде жеу пайдалы.
Алайда жаңғақтарды өте көп мөлшерде жеу ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Себебі жаңғақтар калориялы өнімдер. Сондықтан оларды аз-аздан жеу керек. Сондай-ақ жаңғақтар аллергия беруі мүмкін.