Күнде мандарин жесе не болады?

Күнде мандарин жесе не болады?
Фото: pixabay.com

Дүкен сөрелерінде мандариннің түр-түрі толып тұр. Бұл жемісті күнде жесе, ағзада қандай өзгерістер болады?

Мандариннің пайдасы

Мандариннің отаны – Қытай. 19 ғасырдың басында Еуропаға жетіп, Испания, Марокко мен Түркияның негізгі өсіретін жемісіне айналған. Сондай-ақ, Абхазия мен Грузия, Франция, Япония, Үнді қытай елдері де өсіреді.

Мандариннің мынадай пайдалы қасиеттері бар:

  • Оның құрамында С дәрумені көп болғандықтан, ол иммунитетті қатайтуға көмектеседі. Күніне 2 мандарин жеу оның тәуліктік қажеттілігін өтейді;
  • Ол қабынуға қарсы әсерге ие;
  • Құрамында жасұнық көп болғандықтан, ол асқазан-ішек жолы процестерін жақсартады;
  • Қандағы глюкоза деңгейін азайтады;
  • Ол арықтауға көмектеседі. Мандариннің құрамындағы аскорбин қышқылы майлы тіндердегі тотықтандыру процестерінің белсенділігін арттырады және жаңа майлы жасушалардың қалыптасуының алдын алады.

Күнде мандарин жесе не болады?

Күніне 2-3 мандарин жеу жеткілікті. Оны аш қарынға жеу ұсынылмайды. Оны өте көп жеу жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін:

  • Ол басқа да цитрусты жемістер секілді асқазан-ішек жолы қабықшасын тітіркендіруі мүмкін. Сондықтан кез келген қабынуды (мысалы, гастрит немесе асқазан жарасы) одан сайын ушықтыруы мүмкін;
  • Мандарин аллергия беруі мүмкін. Мысалы, теріңізге бөртпе шығып, ол қышуы мүмкін. Себебі онымен бірге ағзаға аскорбин қышқылы, лимон қышқылы және фруктоза көп мөлшерде түседі;
  • Мандариндегі белсенді заттар тіс эмалінің беткі қабатын бұзуы мүмкін. Сондықтан бұл жемісті кез келген тіс ауруы кезінде жеуге болмайды.

Оқи отырыңыз: Күнде бір сарымсақтан жесеңіз не болады?

А. Жапатова