Қазақстан азаматтары тамызда қанша күн демалады?

Биыл тамызда қосымша демалыс күні болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Неге тамызда қосымша демалыс берілмейді?

2026 жылғы тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтарды 10 демалыс күні күтіп тұр. Өткен жылдардан айырмашылығы сол - биыл бұл айдың соңында қосымша демалыс күні болмайды.

Енді Конституция күні ресми түрде 15 наурызда атап өтіледі. Ал 30 тамыз мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылды.

Демалыс кестесі

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 21 жұмыс күні;
  • 10 демалыс күні болады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 26 жұмыс күні;
  • 5 демалыс күні болады.

Айта кетейік, тамызда басқа қосымша мерекелер қарастырылмаған.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурыз болып бекітілді. Бұл күн мемлекеттік мереке болып жарияланды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!