Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мемлекеттік мереке пайда болды
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстанда ресми түрде жаңа мемлекеттік мереке пайда болды, ол демалыс күні болып жарияланады. Бұл 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енуіне байланысты енгізіліп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 шілдеден бастап Қазақстанда Конституция күні ресми түрде 15 наурыз болып бекітілді. Бұл күн мемлекеттік мереке болып жарияланды. Бұл туралы жаңа Конституция мәтінінде, яғни 94-баптың 2-тармағында жазылған:

"Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституция күні болып жарияланады".

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтілетін. Енді бұл күн ресми түрде жойылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget