Қайтыс болған адам жақын адамдарын естіп, көре алады ма? Олардың дұғасын ести ме? Бұл сұрақтарға Fatua_kz-ке Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы "Шариғат және пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, біздің адамның амалдары оның өмірден өткен туыстарына көрсетіледі.
"Пайғамбарымыздың хадисі бар. Бұл хадис жайлы шамамен 15 шақты риваят келтірілген. Ол риваятта бір марқұм қайтыс болса оны рақмет иелері қарсы алады дейді. Адамның жатқан жері қабірі не жәннат бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр дейді. Яғни мұсылман адам екі хәлде қайтыс болады. Не күнәсі кешірілген күйде қайтыс болады, яғни бірден жәннат бақшасына кіреді. Немесе күнәсімен қайтыс болады да, тозақ шұңқырына түседі. Бірақ сол күнәсін өтеп болған соң жәннат бақшасына ауысуы мүмкін.
Сол бір адам қайтыс болды дейді хадисте, оны рақмет тұрғындары қарсы алады. Яғни жәннат бақшасына түскен адамнан хал-хабар сұрасады дейді. Сол кезде оған марқұмдардың арасында біреулер айтады: бұл өлімнен енді келді демалсын дейді. Одан кейін сұрайды екен пәленше қайтты, түгенше қайтты, үйленді ма тұрмысқа шықты ма деп сұрау қояды дейді. Тірілердің хабарын сұрайды дейді. Сонда өзінен бұрын қайтқан бір адам жайлы сұрап қалады дейді. Хадисте айтылып жатыр. Меннен бұрын қайтыс болды ғой ол деп айтады. Сол кезде ол онда ол тозақ шұңқырына кетіпті ғой, Алла сақтасын деп марқұмдар дұға қылады дейді. Одан кейін Пайғамбарымыз сөзін жалғастырып, сендердің амалдарың марқұм болған туыстарыңа көрсетіледі дейді. Егер жақсы болса, Аллам жақсылығыңнан айырма деп дұға қылады екен. Егер жаман болса, жаманшылығыңнан туралығына қайтара көр деп дұға қылады екен.
Сондықтан осы және басқа да хадистерді негізге ала отырып, мысалы Пайғамбарымыз қабірде зиярат еткен кезде сәлем беріп, дұға қылады. Бір адам қабірдің қасынан өтіп бара жатқан кезде "ассалаумағалейкум" деп айтса, жауап береді дейді. Демек марқұмдар былайша айтқанда тірі кездегідей зиярат еткен кезде біз оларға сәлем айтсақ, қалай жеткізілетіні Аллаға мәлім, біздің амалдарымыз өмірден өткен туыстарымызға көрсетіледі екен. Сондықтан біздің хал-хабарымызды осылай біледі. Алланың рұқсатымен, хадисте айтылғандай, мүмкін періште арқылы ізгі амалдарымыз ата-бабамызға, туған туыстарымызға көрсетіледі. Олар бізге дұға жасап отырады. Бұл хадистің тізбегінде ғалымдарымыз бір ауыздан сахих деген. Яғни ешқандай күмәнді емес", - деді Елбек Тасболатұлы.