Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жақында Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan әуекомпаниясының рейсінде күтпеген жарақат алған еді. Сол жарақаттан кейін көзі көгеріп қалған оған әлеуметтік желіде "Қойыңызшы, Қайрекең ұрмады ма не?" деп жазатындар болыпты.
"Жоқ, еш уақытта! Бірақ ашуын... ол енді ұзақ әңгіме, кейін айтып беремін. Қатты зат тиген жер 4-күні күлгін түске боялады", - деп жазды журналист көгерген көзінің суретін жариялап.
Кейінірек Ләйлә Сұлтанқызы: "Бір келіншек жазып жіберіпті "Байыңнан жемеген таяқты FlyArystan-нан жедің бе?" деп. Енді ол кісі ойнап жазды ғой, түсінікті. Мен айтамын ғой, марқұм Қайрекеңнің ондайы жоқ еді деп. Негізі ондай азамат емес еді. Қатты ашуланса үйден шығып кететін. Ең жаман, ауыр жаза әйел үшін сол ғой. Маған сондай болатын. Қайрекең менімен сөйлеспей қойса, бітті. Оның реніші басылып, өкпесі басылып, көңілі дұрысталғанша, ойбай, жаным шығып кете жаздайтын", - деді әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!