"Қабағым жарылды!" Ләйлә Сұлтанқызы отандық әуекомпанияның үстінен арыз жазды

Танымал тележүргізуші, журналист Ләйлә Сұлтанқызы денсаулығына зиян келтіргені үшін FlyArystan-ның үстінен арыз жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін кешкі 21:50 кезінде KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан осы жағдай орын алды. Бортсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ", - деп шағымданды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Бұған дейін де рейстердің кешігуіне қатысты жиі шағымданатын журналист бұл жолы алғашқы көмек қарастырылмағанын алға тартты. 

"Менің орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!" - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз